Астана, улица Амангельды Иманова, 19
HR BP (оқыту және дамыту бағыты) 🚀
Адамдардың кәсіби өсуіне көмектесіп, жаңа HR-жүйені нөлден құруға қатысқың келе ме?
FM Online-да біз қызметкерлерді оқыту және дамыту жүйесін құрып жатырмыз және осы жұмысты бірге жүргізетін HR BP (L&D) іздейміз 💚
Біз кімбіз?
FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech-компания. Командамызда 150-ден астам қызметкер бар.
🎯 Не істейсің?
- Бөлім басшыларымен бірге оқыту қажеттілігін анықтап, оқу жоспарын құрасың.
- Оқу бағдарламаларын, материалдар мен тесттерді дайындайсың.
- Тәжірибелі мамандарды ішкі тренер ретінде тартасың.
- Жеке даму жоспарларын (ИПР) жасап, Performance Review-ға қатысасың.
- Қызметкерлердің мансаптық өсу жолдарын қалыптастырасың.
💚 Бізге мэтч боласың, егер:
- HR, EdTech немесе қызметкерлерді оқыту/бейімдеу бағытында кемінде 6 ай тәжірибең болса;
- Тренинг ұйымдастыруға немесе оқу материалдарын дайындауға қатысқан болсаң;
- Адамдармен оңай тіл табыссаң;
- Жұмысыңды жоспарлап, нәтижеге жеткізе алсаң;
- Қазақ тілінде еркін сөйлесең.
Бәрін бірден білуің міндетті емес — командамен бірге үйренесің.
🎁 Сені не күтеді?
- Астанадағы кеңсе, 5/2, 12:00–20:00
- Mike Pritula Academy материалдары бойынша оқу
- Компания есебінен сыртқы курстар
- HR Generalist пен басшылардың қолдауы
- Жыл сайынғы марапаттау: Дубайға жолдама, MacBook және т.б.
- Туған күніңде Day Off
Өтінім қалдыр! 💌
Бұған дейін қандай оқу жобаларына қатысқаныңды айтып бер. Мүмкін, келесі оқу бағдарламамыз дәл сенің идеяңнан басталар 💚
Частная компания Relitalk Ltd.
Астана
до 350000 KZT
Астана
от 300000 KZT