GeOnline — Қазақстандағы ҰБТ-ға дайындық бойынша қарқынды дамып келе жатқан онлайн білім беру орталығы. Бүгінде компанияда 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді және біз дамудың жаңа кезеңіне өтудеміз. Біздің мақсатымыз — мықты middle-management қабатын қалыптастыру, HR жүйесін жүйелеу және бизнестің әрі қарай масштабталуын қамтамасыз ететін команданы дамыту.
Осыған байланысты біз CEO-ның стратегиялық серіктесі болатын және компанияның HR бағытын басқаратын HR директорын іздейміз.
Негізгі міндеттері:
- Компаниядағы негізгі HR-процестерді (іріктеу, бейімдеу, бағалау, KPI, грейдтеу, оқыту және ұстап қалу жүйелері) құру және дамыту.
- High Potential (HiPo) қызметкерлерді анықтау, кадрлық резервті қалыптастыру және middle-management деңгейін дамыту.
- Кадрлық резервті қалыптастыру және middle-management деңгейін дамыту.
- Қызметкерлердің тиімділігін бағалау, KPI және мансаптық даму жүйелерін енгізу.
- Корпоративтік мәдениетті, HR-брендті және қызметкерлерді ұстап қалу бағдарламаларын дамыту.
- Топ-менеджментпен командаларды дамыту және көшбасшылық мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.
Біз күтеміз:
- HR саласында кемінде 6 жыл тәжірибе.
- HR-функцияны және негізгі HR-процестерді нөлден бастап құру тәжірибесі.
- Басшыларды дамыту және басқарушылық командаларды қалыптастыру тәжірибесі.
- Жүйелі ойлау қабілеті және мықты көшбасшылық дағдылар.
- Қазақ тілін еркін меңгеруі міндетті.
- Қызметкерлерді бағалау, KPI және даму жүйелерін енгізу тәжірибесі.
- Басқарушылық кадрлық резервті қалыптастыру тәжірибесі.
- CEO немесе компания иесімен стратегиялық деңгейде жұмыс істеген тәжірибе.
Біз ұсынамыз:
- Компанияның стратегиялық дамуына ықпал ету мүмкіндігі.
- Бәсекеге қабілетті жалақы.
- Астана қаласындағы кеңседе жұмыс.