Компания туралы
Stone Production — Қазақстандағы премиум видеопродакшен.
Біз нақты нәтиже жасаймыз: визуал, сапалы монтаж, мықты сценарий және жоғары деңгейдегі сервис.
Бізбен жұмыс істейтін брендтер: FlyArystan, Air Astana, SMAN, KIA, Gorilla және басқа да ірі компаниялар.
Компания жылдам өсіп келеді, ай сайын ондаған жобалар іске асады — сондықтан жүйелі жұмыс пен тәртіп біз үшін өте маңызды.
2) Кімді іздейміз
Қыз бала, 23-27 жас аралық
Бізге жобалық менеджер қажет.
Негізгі мақсат — түсірілімдерді ұйымдастыру, жоба процесін бақылау және клиентпен коммуникация жүргізу.
Сізге қажет қасиеттер:
• продакшен қалай жұмыс істейтінін түсіну;
• процестерді ұйымдастыру және командаға тапсырма беру;
• монтажер, видеооператор, дизайнер дедлайнын бақылау (KPI бойынша);
• жобалық менеджер бос емес кезде клиентке жылдам жауап беру, жоғары қызмет көрсету;
• Түсірілімдерге шығу бүкіл процесстерді қадағалау, ұйымдастыру
• тәртіп, жауапкершілік, мұқияттық, басшылық қабылет;
• 2-3 ай ішінде толыққанды жобалық менеджер болуға өсу
Негізгі міндеттер:
• түсірілімді ұйымдастыру, шығу (актер, локация, реквизит);
• командамен (видеограф, монтажер, дизайнер) тұрақты байланыста болу;
• дедлайндарды бақылау;
• клиентпен коммуникация, сервисті сақтау;
• ақпарат, құжаттар және материалдарды жүйелеу.
• Жобалық менеджерге көмек беру
3) Жұмыс шарттары
• Еңбек ақы 300 000 + KPI.
• Формат: онлайн, оффлайн түсірілімдер.
• Жұмыс құралдары толығымен беріледі: ChatGPT, Canva, Adobe Cloud, Notion, Google Drive.
• Түсірілімге бару үшін барлық жол шығындары өтеледі.
• 3 айдан кейін — хоббиіңізге 50% демеуқаржы беріледі (спорт / оқу / шығармашылық).
• 3–5 ай ішінде толыққанды PM болуға мүмкіндік.
• Тәртіп, жылдамдық және құрмет — негізгі құндылықтар.
4) Фильтр-код (міндетті)
Өз өтінішіңіздің басында мына сөйлемді жазыңыз:
«Мен бұл жұмысты шынымен қалаймын және қосымша іріктеу кезеңдерінен өтуге дайынмын».
Бұл фразасыз өтініштер қаралмайды.
(GRADIENT) ПОЛОВИЦЫН Н.А.
Алматы
до 500000 KZT
Турчинович Александр Сергеевич
Алматы
до 700000 KZT
Upgrade Media Space
Алматы
до 600000 KZT