Офис-менеджер | Координатор вайба в EdTeach FM Online

Мұхамеджан

Офис-менеджер | Координатор вайба в EdTeach FM Online

Астана, улица Амангельды Иманова, 19

Описание вакансии

Жақсы кеңсеге қайта барғың келіп тұрады. Оған кофенің де, кеңсенің вайбын қалыптастыратын адамның да үлесі бар. Қош келдің! 💛

FM Online-да нағыз қазақы орта бар. Кеңсемізде жылы қарым-қатынасты, сыйластықты, қонақжайлықты және сол өзіміздің вайбты бағалаймыз.

Сондықтан бұл қызметте қазақша еркін сөйлей білуің біз үшін ерекше маңызды.

FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниясы. Қазір командамызда 150-ден астам адам бар, ал алдағы мақсатымыз — компанияны екі есе өсіру.

Күн сайын командамызға жаңа адамдар қосылып, жаңа идеялар мен міндеттер пайда болып жатады. Команда өскен сайын кеңседегі тәртіпті, жайлылықты және сол жанды атмосфераны сақтай білетін адамның рөлі де арта түседі.

Біз үшін офис-менеджер — кеңсеге қамқорлық жасайтын HR командасының мүшесі. Ол әкімшілік жұмысты үйлестіріп, 150-ден астам әріптеске жайлы жұмыс ортасын қалыптастырады.

Күнделікті жұмысың қалай өтеді?

— Кеңсенің күнделікті жұмысына қажет дүниелерді қадағалайсың. Су мен кеңсе тауарлары жеткілікті, техника жұмыс істеп, жұмыс орындары жинақы әрі жайлы болуы керек.

— Сатып алуды және жеткізушілермен жұмысты үйлестіресің. Қажетті затты тауып, ұсыныстарды салыстырасың, тапсырыс бересің және оның уақытында жеткізілуін қадағалайсың.

— Командаға не қажет екенін біліп отырасың. Әріптестердің өтініштерін қабылдап, кеңсе мүлкін қадағалайсың және мәселелерге жылдам шешім табасың.

— HR командасымен бірге жаңа әріптестерді қарсы аласың, ішкі бастамаларға атсалысасың және кеңсені жайлы ететін ұсақ-түйекке де мән бересің.

Мұнда жұмыс тәртібін жақсартуға да мүмкіндік бар. Бүгін сен жолға қойған жұмыс ертең екі есе өскен команданың ортақ стандартына айналуы мүмкін.

Уақыт өте келе компаниямен бірге сенің рөлің де өседі. HR бағытына ауысуға немесе әкімшілік процестерді басқаруға мүмкіндік бар.

Бір-бірімізге сай келетін сияқтымыз, егер… 👀

— Қазақша еркін сөйлесең және оны күнделікті жұмыста еркін қолдансаң.

— Кеңсе жұмысын ұйымдастыруда немесе әкімшілік қызметте тәжірибең болса. Бір жыл немесе одан көп тәжірибең болса, тіпті жақсы.

— Сатып алумен, жеткізушілермен жұмыс істеумен немесе ұйымдастыру міндеттерімен айналысып көрсең.

— Бірнеше өтінішті қатар алып жүріп, маңызды ұсақ-түйекті назардан тыс қалдырмасаң.

— Біреу қайта-қайта еске салмай-ақ, міндетті байқап, мән-жайын анықтап, істі соңына дейін жеткізсең.

— Адамдармен араласқанды, айналаңды жинақы әрі жайлы еткенді шынымен ұнатсаң.

FM Online-дағы жұмыс шарттары

💸 300 000 ₸ тұрақты жалақы.

⏰ 5/2, 12:00–20:00. Таңғы уақытың өзіңе қалады, оятқышпен де тату боласың.

🏢 Астанадағы кеңсе. Кең, тіршілігі қызу, атмосферасы нағыз қазақы.

📚 Ішкі оқыту және HR командасының қолдауы. Жұмысқа кіріскенде әріптестерің бағыт-бағдар береді.

🚀 Өсу мүмкіндігі. FM Online екі есе өсуді жоспарлап отыр. Компаниямен бірге дағдыларың дамып, жауапкершілік аяң кеңейеді.

🏆 Үздік қызметкерлерді жыл сайын марапаттаймыз. Жоғары нәтиже көрсетсең, ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхат жолдамасын ұтып алуың мүмкін.

🎉 Ішкі іс-шаралар мен тимбилдингтер. Бір-бірімізді жұмыс чаттарында да, бірге өткізген уақыттың арқасында да жақынырақ танимыз.

Егер оқып отырып «Ооо, бұл мен ғой!» деп ойласаң, өтінішіңді жібер 💛

FM Online-да үлкен команда бар, жұмыс қызу, алда өсетін жоспарымыз да бар. Енді осының бәрін ұқыпты ұйымдастырып, кеңсеге өз вайбын қоса алатын адамды іздеп жүрміз.

Навыки
  • Взаимодействие с курьерскими службами
  • Планирование бюджета
  • Управление офисами
  • Управление подрядчиками
  • Хозяйственное обеспечение офиса
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

ЧК MCD Holding Ltd.

Офис - менеджер

ЧК MCD Holding Ltd.

  • Астана

  • до 350000 KZT

Рекомендуем
Мясная продукция
  • Астана

  • до 350000 KZT

Рекомендуем
КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ

Эдвайзер в колледж KILC

КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ

  • Астана

  • до 400000 KZT

Рекомендуем
ТОРГОВЫЙ ДОМ ЛД
  • Астана

  • от 350000 KZT

Офис-менеджер

ВАРРАНТ

  • Астана

  • до 500000 KZT

VEHI
  • Астана

  • до 400000 KZT

Офис-менеджер

Байсын-А

  • Астана

  • от 300000 KZT

Мұхамеджан

HR-менеджер (FM Online)

Мұхамеджан

  • Астана

  • от 300000 KZT

Ансар- Фарм 6131
  • Астана

  • до 350000 KZT

Мұхамеджан

HR-рекрутер (FM Online)

Мұхамеджан

  • Астана

  • от 300000 KZT

Строй Монтаж Проект

Секретарь Приёмной Директора

Строй Монтаж Проект

  • Астана

  • до 300000 KZT

Строй Монтаж Проект

Секретарь Приёмной Директора

Строй Монтаж Проект

  • Астана

  • до 300000 KZT

Amanat Estate
  • Астана

  • до 700000 KZT

  • Астана

  • до 400000 KZT

КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ

Менеджер отдела продаж в колледж

КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ

  • Астана

  • до 800000 KZT

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию