Компания туралы:
Біз — жастар мен ересектерге арналған ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынатын этно-шапан бутигіміз. Ассортиментімізде шапандар, камзолдар, бомберлер және пальтолар бар. Біздің мақсатымыз — ұлттық құндылықтарды заманауи стильмен үйлестіріп, әр клиентке сапалы қызмет көрсету.
Міндеттері:
Клиенттерге киім ассортименті бойынша кеңес беру.
Instagram желісінен келіп түскен өтінімдер мен хабарламаларға жауап беру.
Клиенттердің қажеттілігін анықтап, сәйкес киім таңдауға көмектесу.
Сатылымды жүргізу және клиентті сатып алуға бағыттау.
Клиенттермен ұзақ мерзімді байланыс орнату.
Талаптар:
Сату саласындағы тәжірибе болса, артықшылық болады.
Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Сауатты сөйлеу және жазу.
Жауапкершілік, белсенділік және коммуникабельділік.
Клиенттермен тез тіл табыса білу.
Нәтижеге жұмыс істеуге деген ұмтылыс.
Жұмыс шарттары:
Жалақы: тұрақты жалақы + сатылымнан пайыз (келісім бойынша).
Жұмыс кестесі сұхбат барысында талқыланады.
Жайлы жұмыс ортасы және кәсіби даму мүмкіндігі.