Алматы, улица Катаева, 189
Метро: АлатауSMALL & Skif («Скиф Трейд») — Қазақстандағы ең ірі әрі танымал сауда желілерінің бірі. Компания 1999 жылы құрылған және елдегі жетекші азық-түлік супермаркеттерінің қатарына кіреді.
Біз Қазақстанның 13 облысында, 150-ден астам дүкенді басқарамыз және бизнесімізді заманауи технологиялар мен деректер талдауына сүйене отырып дамытамыз.
Біз командамызға Қызметкерлерді жаппай іздеу және іріктеу маманы (Рекрутер) іздейміз.
Тапсырмалар:
Дүкендердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіз: кассир, сатушылар, жүргізушілерді жұмысқа шақырасыз;
Жаппай іріктеуде (массовый подбор) шеберлігіңізді арттырасыз: қоңыраулар, жылдамдық;
Нақты бизнес-жағдайларда жылдам шешім қабылдауды үйренесіз;
Сұхбат жүргізу, жұмыскерлердің құжаттарын жинау;
Жұмысыңыздың нәтижесін тікелей көресіз: жұмысқа шыққан әрбір қызметкер — сіздің еңбегіңіз.
Біз үшін не маңызды:
Қазақ тілін еркін білу (ауызша және жазбаша) — міндетті;
Жаппай іріктеуде (массовый подбор) 1 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн;
Телефон арқылы хабарласудағы сенімділік; көп қоңыраулар болады;
Сауатты сөйлеу мәнері, үлкен тапсырмалар ағынымен жұмыс істей алу;
Жауапкершілік, дербестік және нәтижеге бағыт.
Біз ұсынамыз:
Ресми тіркелу, Еңбек шарт құжаттары;
Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, кеңседе;
Кеңсе мекенжайы: Катаева 189;
Іріктеу, бейімдеу (адаптация) және басқа да HR-бағыттарда өсу мүмкіндіктері;
Нақты процестер, түсінікті мақсаттар мен тапсырмалар.
Жалақы: 300 000 - 350 000 теңге, (қолға)
Бізге қосыла отырып, сіз бизнеске әсер ету, компаниямен бірге өсу және ритейл саласында даму мүмкіндігін аласыз.
Sheraton Astana Hotel
Алматы
до 300000 KZT
Филип Моррис Казахстан
Алматы
до 300000 KZT
Филип Моррис Казахстан
Алматы
до 1300000 KZT