Повар-кондитер / Кондитер-аспаз
Aday Nan наубайханасына құймақ, вафли, түрлі пісірме өнімдер және круассан дайындайтын кондитер-аспаз іздейміз.
Міндеттері:
- Құймақ (блины) дайындау және пісіру;
- Вафли дайындау;
- Түрлі пісірме өнімдерді (выпечка) дайындау;
- Круассан дайындау және пісіру;
- Өнімдерді бекітілген рецептура және технологиялық карта бойынша дайындау;
- Өнімнің дәмі, сыртқы көрінісі және сапасын тұрақты деңгейде ұстау;
- Өндіріс көлемін уақытында орындау;
- Шикізатты дұрыс және үнемді пайдалану;
- Жұмыс орнын, жабдықтарды және құралдарды таза ұстау;
- Санитарлық және өндірістік талаптарды сақтау.
Талаптар:
- Аспаздық немесе кондитерлік бағытта жұмыс тәжірибесі болғаны жөн;
- Құймақ, вафли және пісірме өнімдер дайындай білу;
- Круассанмен жұмыс тәжірибесі болса — артықшылық;
- Рецептура мен технологиялық картаны нақты сақтай білу;
- Жылдам әрі ұқыпты жұмыс істеу;
- Жауапкершілік және тазалық;
- Командамен жұмыс істей білу.
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс уақыты: 07:00–19:00
- График: 5/2
- Оклад: 400 000 тг/ай
Қажет болған жағдайда 6/1 графигін де қарастыруға болады — жалақысы бөлек келісіледі.
📍 Жұмыс орны: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 125/3