Мектепке даярлық бойынша педагог
AltynSara Montessori жекеменшік балабақшасына мектепке даярлық бойынша педагог іздейміз.
Бізге қажет маман:
- мектепке даярлық бағытында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
- балаларды қазақ тілінде мектепке даярлау тәжірибесі міндетті;
- қазақ тілін еркін меңгерген;
- мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістерін білетін;
- мектепалды жастағы балалармен жұмыс істей алатын;
- жауапкершілігі жоғары, ұқыпты және балаларға мейірімді;
- сауатты сөйлейтін, ізденімпаз және өз ісін жақсы көретін маман.
Міндеттері:
- 5–7 жастағы балаларды мектепке дайындау;
- математикалық және тілдік дағдыларын дамыту;
- оқу мен жазуға дайындау;
- логикалық ойлау, зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- қазақ тілінде дамытушы сабақтар өткізу;
- әр балаға жеке тәсіл қолдану;
- ата-аналармен және педагогтармен өзара байланыста жұмыс жасау.
Біз ұсынамыз:
- заманауи Montessori ортасында жұмыс істеу;
- жайлы еңбек жағдайы;
- тұрақты жалақы;
- кәсіби әрі тату ұжым;
- кәсіби даму мүмкіндігі.
- Сағат 9:00 ден 12:00 ге дейін
📍 Жұмыс орны: Астана қаласы, қала орталығы.
Егер сіз балалармен жұмыс істеуді жақсы көрсеңіз, оларды оқуға қызықтыра білсеңіз және қазақ тілінде мектепке сапалы даярлау тәжірибеңіз болса, біз сізді командамыздан көруге қуаныштымыз!