Астана, улица Туркестан, 16
📍 Астана қаласы
Интерьер дизайны агенттігінің негізін қалаушыға жеке бизнес-ассистент қажет.
Бізге тек тапсырма орындаушы емес, бизнестің ішінде бірге өсіп, түрлі процестерге араласатын сенімді адам керек.
Қызметтеріңіз:
• Басшының күнделікті жұмыс кестесін жүргізу;
• Кездесулерді ұйымдастыру және еске салып отыру;
• Күнделікті тапсырмалардың орындалуын бақылау;
• Жеткізушілермен, серіктестермен және клиенттермен байланысу;
• Қажет кезде кездесулерге бірге қатысу;
• Құжаттармен және ұйымдастыру жұмыстарымен көмектесу;
• Әлеуметтік желілерге контент түсіруге көмектесу;
• Түрлі тапсырмаларды тез әрі сапалы орындау.
Кім керек:
• Жауапкершілігі жоғары;
• Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы;
• Адамдармен тез тіл табыса алады;
• Интерьер дизайны саласына қызығушылығы немесе тәжірибесі болса жақсы;
• Мобилография немесе SMM бойынша базалық білімі болса артықшылық;
• Жүргізуші куәлігі болса жақсы;
• Белсенді, шапшаң және нәтижеге жұмыс істейтін адам.
Біз не ұсынамыз:
• Жалақы: 300 000 ₸ + бонус;
• Оффлайн жұмыс;
• Интерьер дизайны саласындағы қызықты жобаларға қатысу;
• Кәсіби және жеке даму мүмкіндігі;
• Болашақта компания ішінде өсу мүмкіндігі.
Егер өзіңізді осы вакансиядан көрсеңіз, резюмеңізді және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты жіберіңіз.