Алматы, улица Богенбай Батыра, 150
Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім беру платформасы.
Біз командаға белсенді, жауапкершілігі жоғары және адамдармен еркін сөйлесе алатын лидогенерация менеджерін іздейміз!
Егер сен жаңа нәрселерді үйренуге, кәсіби дамуға және тұрақты табыс табуға дайын болсаң — бұл вакансия дәл саған арналған.
Жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес. Барлық қажетті процестерді өзіміз үйретеміз. Ал осы бағытта тәжірибең болса, саған жеке ұсыныс жасауға дайынбыз.
мектеп өкілдеріне платформа туралы қысқаша ақпарат беру;
жауапты тұлғалардың байланыс деректерін жинау;
жаңа байланыстар базасын қалыптастыру және толықтыру;
дайын база бойынша қоңыраулар жасау;
қоңырау нәтижелерін Google Кестелерге енгізу;
ақпараттың дұрыс әрі толық толтырылуын қадағалау;
белгіленген күндік және апталық жоспарды орындау
қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлей білу;
телефон арқылы сауатты әрі сенімді коммуникация жүргізу;
адамдармен тез тіл табыса білу;
жауапкершілік және ұқыптылық;
нәтижеге бағытталу;
жаңа ақпаратты жылдам қабылдау;
Excel және Google Кестелермен жұмыс істей білу;
толық жұмыс күніне дайын болу.
call-орталықта, сатуда немесе клиенттермен жұмыс істеу тәжірибесі;
телефон арқылы келіссөз жүргізу дағдысы;
база жинау немесе лидогенерация бағытындағы тәжірибе;
білім беру саласына қызығушылық;
жоспармен және көрсеткіштермен жұмыс істей білу.
жалақы: 150 000–200 000 ₸;
тұрақты айлық және бонустық жүйе;
жұмыс кестесі: 5/2;
жұмыс уақыты: 09:00–18:00;
толық жұмыс күні;
жайлы кеңседе жұмыс істеу;
барлық жұмыс процесі бойынша оқыту;
жетекші тарапынан қолдау;
жас әрі белсенді команда;
халықаралық білім беру компаниясында тәжірибе жинау;
кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндігі;
жұмыс нәтижесіне қарай табысты арттыру мүмкіндігі.
адамдармен сөйлескенді ұнатсаңыз;
телефон арқылы сөйлесуден қорықпасаңыз;
белсенді әрі бастамашыл болсаңыз;
жаңа мамандықты меңгергіңіз келсе;
тұрақты жұмыс пен дамуға мүмкіндік іздесеңіз;
білім беру саласында жұмыс істегіңіз келсе.
Тәжірибеңіз болмаса да, қорықпаңыз — біз сізге барлығын үйретеміз!
ОНЛАЙН ШКОЛА АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА IELTSONLINE.KZ
Алматы
до 350000 KZT
ОНЛАЙН ШКОЛА АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА IELTSONLINE.KZ
Алматы
до 400000 KZT
Детский мир - Казахстан
Алматы
от 190000 KZT
Спортивный хоккейный клуб Динамо Алматы
Алматы
до 300000 KZT
Центр подготовки (AIPLUS)
Алматы
от 200000 KZT