Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс жасайтын Халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім платформасы.
Біз өз ісін сүйетін, амбициясы жоғары тіркеу және сату менеджерлерін іздейміз! Егер сен дамуға, үйренуге және жақсы табыс табуға құштар болсаң — бұл вакансия дәл саған арналған!
Тәжірибеңіз болуы маңызды емес, барлығын өзіміз үйретеміз!
Ал тәжірибеңіз болса, сізге жақсы ұсынысымыз бар!
Сіздің міндеттеріңіз:
- 5-11 сынып оқушыларына НИШ, БИЛ, Дарын мектептері және ҰБТ курстары туралы ақпарат беру;
- Клиенттерді жиналысқа тіркеу;
- Клиенттермен байланыс орнату;
Сіз бізге керексіз, егер сіз:
- Қазақ тілінде еркін және сауатты сөйлесеңіз;
- Дамуға, нәтижеге және табысқа ұмтылсаңыз;
- Оқу мен жұмысты қатар алып жүретін қабілетіңіз бар;
- Белсенді, сөйлесуге ашықсыз;
- Оптимист, мақсаты бар және адамдармен жұмыс істеуді ұнатсаңыз —онда бұл жұмыс дәл Сіз үшін!
Біз не ұсынамыз:
- Тұрақты оклад 70.000 тг - 150.000 тг + айлық бонус!
- Оқуыңыз болса қосымшаға таптырмайтын табыс және сізге жеке индивидуалды график
- Тимбилдингтер, бағалы сыйлықтар, үздіктерге арнайы марапаттар
- 1 жыл ішінде мансаптық өсу: Тимлид → РОП → Директор;
- Керемет ұжым, позитивті орта және үздік менторлар
Тәжірибеңіз болуы маңызды емес, барлығын өзіміз үйретеміз!
Жұмыс уақыты: 10:30 - 19:30 (сату бөлімі) / 12:00-21:00 (сату бөлімі) (8 сағаттық жұмыс күні)
Студенттерге: сабағыңыз басталғанда жеке график құрылады
Формат: Толық жұмыс күні \ икемді жұмыс күні
График: 6/1
Егер сен өзіңе сенімді болсаң, үлкен мақсаттарың бар болса - Daryn.online саған қажет! Біз саған жай ғана жұмыс емес, нақты нәтижелер мен өсу мүмкіндігін ұсынамыз. Бізбен бірге сен тек табысқа емес, өз дамуыңа да инвестиция жасайсың!
Daryn.online - арманыңды іске асыратын орта! Өтініш қалдыр - жаңа мүмкіндіктер дәл қазір басталсын!