Алматы, улица Егизбаева, 7/7
Метро: Алатау
Жан мен Тән сауықтыру орталығына мықты HR рекрутер керек.
Бізге жай ғана резюме қарап, адамдарға хабарласатын қызметкер емес, компанияға керек адамдарды нарықтан тауып, қызықтырып, іріктеп, тесттен өткізіп, ең лайықтысын таңдай алатын жүйелі ойлайтын HR маман керек.
Біздің орталық қазір қарқынды өсіп келеді. Біз сату бөліміне AI сату кеңесшілерін, маркетинг мамандарын, менеджерлерді, жаттықтырушыларды, әкімшілік қызметкерлерді жүйелі түрде қабылдауымыз керек. Сондықтан бізге адамды сыртқы сөзіне қарап емес, ойлау қабілетіне, мінезіне, табандылығына, үйрену жылдамдығына, жауапкершілігіне қарап тани алатын HR рекрутер қажет.
Бұл жұмыста ең маңызды қасиет, логикалық ойлау. HR маман кандидаттың сөзін тыңдап қана қоймай, оның жауабындағы жүйені, қайшылығын, әлсіз және мықты жағын көре білуі керек. Қай адамды үйретуге болады, қай адам уақыт жоғалтады, қай адам тез өседі, қай адам ертең кетіп қалады, осыны ерте байқай алуы қажет.
Бізге керек HR рекрутер жасанды интеллектпен жұмыс істей алуы керек. ChatGPT немесе Gemini арқылы вакансия мәтінін жақсарта алуы, онлайн тест сұрақтарын құра алуы, кандидаттардың жауаптарын алдын ала саралай алуы, сұхбат сұрақтарын дайындай алуы, іріктеу кестесін жүргізе алуы қажет.
Негізгі міндеттері, вакансия мәтіндерін жазу және жариялау, кандидаттарды іздеу, онлайн тест ұйымдастыру, кандидаттардың жауаптарын AI көмегімен бағалау, алғашқы сұхбат өткізу, сату бөліміне және басқа бөлімдерге ең лайықты кандидаттарды ұсыну, іріктеу воронкасын жүргізу, әр вакансия бойынша нақты есеп беру, қабылданған адамдардың алғашқы нәтижесін бақылау.
Талаптарымыз, HR немесе рекрутинг саласында кемінде 2 жыл тәжірибе, логикалық ойлау қабілеті, қазақ және орыс тілінде сауатты сөйлеу, адамдармен еркін сөйлесе білу, сұхбат жүргізу тәжірибесі, жауапкершілік, тәртіп, жылдамдық, Excel немесе Google Sheets пен жұмыс істей алу, ChatGPT немесе Gemini қолдануға дайын болу.
Артықшылық болады, сату бөліміне адамдар іріктеу тәжірибесі, жаппай рекрутинг тәжірибесі, онлайн тест жасау тәжірибесі, HeadHunter, Instagram, Telegram арқылы кандидат тарту тәжірибесі, психологияға қызығу, AI құралдарын қолдану тәжірибесі.
Бізге “маған тапсырма берсеңіз істеймін” дейтін адамнан гөрі, “мақсат қандай, соған жету үшін қандай жүйе құрамыз?” деп ойлайтын адам керек. Бұл жерде бастамашылдық, ойлау, нәтиже, адам тану қабілеті өте маңызды.
Біз ұсынатын мүмкіндік, тұрақты жұмыс, өсіп келе жатқан үлкен компания, мықты команда құруға қатысу, HR жүйесін нөлден бастап күшейту, AI құралдарымен жұмыс істеуді дамыту, нәтижеге қарай табыстың өсуі.
Жалақы, тұрақты айлық және нәтижеге байланысты бонус. Нақты табыс деңгейі тәжірибеңізге, нәтижеге және компанияға әкелген сапалы мамандарыңызға байланысты талқыланады.
Бізге өз жұмысын жақсы көретін, адам тануға қызығатын, логикасы мықты, жүйе құра алатын, жауапкершілігі жоғары HR рекрутер керек. Егер сіз жай ғана жұмыс іздеп жүрген жоқ, үлкен миссиясы бар компанияның өсуіне үлес қосқыңыз келсе, бізге жазыңыз.