MIA — оқушыларды NIS-ке түсуге және ҰБТ мен IELTS-ті сәтті тапсыруға дайындайтын білім беру орталығы. Қазіргі таңда біз тек түсіндіріп қана қоймай, нәтижеге жеткізе алатын мықты мұғалімді іздейміз.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География және Құқық негіздері пәндерінен сабақ өткізу;
- Оқушыларды емтиханға нәтижеге бағыттап дайындау;
- Күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіру;
- Оқушылардың прогресін бақылау, әлсіз тұстарымен жұмыс жасау;
- Үй тапсырмаларын тексеру және қателермен жұмыс;
- Қатысу мен үлгерімді жүргізу.
Талаптар:
- Пәндерді жақсы меңгеру (мектеп бағдарламасы + ҰБТ-ның тереңдетілген деңгейі);
- Сабақ беру тәжірибесі;
- Түсінікті әрі құрылымды түрде жеткізе білу;
- Жауапкершілік, ұқыптылық;
- Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істей білу;
- Оқушылардың нәтижесіне жұмыс істеуге дайын болу.
Ұсынамыз:
- Икемді жұмыс кестесі: 6/1, сағат 12:00-ден бастап;
- Оқушылардың тұрақты легі;
- Жас ұжым;
- Қолдау және әдістемелік материалдар;
- Орталық ішінде даму мүмкіндігі.