Алматы, улица Кунаева, 133
Метро: АлмалыCOCO - это гурмэ-стритфуд, где привычная жареная курица превращается в гастрономический деликатес. Созданный бренд-шефом из Лондона, COCO живёт в ритме уличной культуры: фирменная панировка, легендарный соус хани баттер и атмосфера, которая притягивает диджеев, стрит-артистов и всех, кто чувствует город.
Обязанности:
Местоположение ресторана: ул. Кунаева, 133
Присоединяйтесь к abr и растите вместе с нами!
---------------------------
COCO — гурмэ-стритфуд кеңістігі, мұнда үйреншікті қуырылған тауық нағыз гастрономиялық деликатеске айналады. Лондоннан келген бренд-шеф жасаған бұл жоба көше мәдениетінің ырғағымен өмір сүреді: фирмалық панировка, аңызға айналған хани баттер соусы және диджейлерді, стрит-артистерді, қаланың тынысын сезінетін жандарды өзіне тартатын ерекше атмосфера.
Міндеттері:
Қонақтарды қарсы алып, үстелге дейін шығарып салу;
Тапсырыстарды қабылдау және мәзір мен сусындар бойынша кеңес беру;
Тағамдар мен сусындардың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
Залда тазалық пен тәртіпті сақтау;
Залды жұмысқа дайындауға қатысу (сервировка, жиһазды орналастыру және т.б.);
Қонақтардың сұрақтары мен тілектерін уақытылы шешіп, олардың жайлы демалуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, біз бәрін үйретеміз;
Мейрамхана саласында дамуға және жаңа дағдыларды үйренуге ынта;
Қарым-қатынасқа бейімділік, сыпайылық және ұқыпты сыртқы келбет;
Командада жұмыс істей білу және стресс жағдайларға төзімділік.
Ұсынамыз:
Ресми жұмысқа орналасу;
Жұмыс кестесі: 2/2, 09:00-ден 00:00-ге дейін (икемді график қарастырылмаған);
Жалақы 350 000 теңгеден бастап (табысыңызға әсер ету мүмкіндігі бар);
Ауысым кезінде тегін тамақ;
Достық ұжым және жұмыс барысында оқыту;
Ауысымнан кейін жеткізу (развозка);
abr компаниясында мансаптық өсу мүмкіндіктері.
Мейрамхананың орналасқан жері: Қонаев көшесі, 133
abr командасына қосылып, бізбен бірге дамыңыз!
Marrone Rosso, ТМ ( ТОО DAND M INVESTMENTS)
Алматы
от 300000 KZT
Алматы
от 300000 KZT