Шымкент, проспект Кунаева, 37
Менеджер по продажам автосалонға (Asar Auto, Шымкент қ.)
Сәлем! Біз, Asar Auto автосалоны, белсенді әрі амбициясы жоғары автокөлік сату менеджерін іздейміз.
Asar Auto — бұл жай ғана автосалон емес.
Бұл – клиенттер өз армандаған автокөлігін табатын, кәсіби қызмет көрсетілетін және дұрыс таңдау жасағанына сенімді болатын орын. Біз сенім мен сапа атмосферасын құрамыз, сондықтан клиенттеріміз бізге қайта-қайта оралғысы келеді.
Біз ұсынатын жағдайлар:
• Жайлы жұмыс орны;
• CRM жүйесіне қосылған ноутбук;
• Жалақы 150 000 теңгеден бастап, 900 000 теңгеге дейін — табысың тікелей өз нәтижеңе байланысты. Мұнда шек жоқ!
• Сәтті және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
• Жұмыс кестесі: 6/1, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.
Сенің міндеттерің:
• Клиенттерге автокөліктердің ассортименті, техникалық сипаттамалары мен сатып алу шарттары бойынша кеңес беру;
• Белсенді сатылымдар жасау және мәмілені сүйемелдеу;
• CRM жүйесімен жұмыс істеу;
• Комиссиялық сату үшін клиенттерді іздеу;
• Сату жоспарларын орындау.
Кімді іздейміз?
• Сатуды жақсы көретін адамдарды;
• Жаңа нәрсеге үйренуге, дамуға және көп табыс табуға дайын адамдарды;
• Мансаптық өсуге ұмтылатын және батыл мақсаттардан қорықпайтындарды;
• Автокөліктерге қызығатын және автотехника негіздерін білетіндерді;
• Жақсы коммуникация дағдылары бар, өзіне сенімді және сендіре алатындарды;
• Мақсатқа берік, шын мәнінде табысқа жетуді қалайтындарды.
✨ Бұл мүмкіндікті жіберіп алма! Біздің командамызда бірде-бір күн іш пыстырмайды.
Коллекторское агентство Эксперт
Шымкент
до 450000 KZT
Коллекторское агентство Эксперт
Шымкент
до 400000 KZT