Шымкент, улица Бекет батыра, 7
Beinekom компаниясы өз командасына талантты және тәжірибелі сату маманын жұмысқа шақырады!
Саласы: қауіпсіздік жүйелері (бейнебақылау, домофон, қақпа автоматикасы және т.б.)
Біз ұсынатын мүмкіндіктер:
Әділ және ашық компанияда жұмыс
Кәсіби және мансаптық өсім мүмкіндігі
Жоғары жалақы
Қызықты жобаларға қатысу
Достық ұжым
Міндеттері:
Кеңсеге келген клиенттер мен серіктестерді қарсы алу және толықтай ақпарат беру
Барлық клиенттермен тұрақты байланыс және қызмет көрсету
Ықтимал клиенттермен жұмыс
Коммерциялық ұсыныстар дайындау
Клиентпен мәміле жасасу және оны толық сқрақтарына жауап беру
Деректерді талдау және басшылыққа есеп беру
Телефон арқылы кеңес беру және келіссөздер жүргізу
Клиенттермен кеңседе және онлайн жұмыс жасау
Талаптар:
Адалдық, ұқыптылық және жауапкершілік
Келіссөз жүргізу және сендіру қабілеті
Коммуникациялық және ұйымдастырушылық дағдылар
Командалық жұмысқа бейім болу және мақсатқа жету
Қазақ және орыс тілдерін жетік білу
Сауатты сөйлеу және хат жаза білу
Компьютермен сенімді жұмыс істей алу
Егер бұл вакансия сізге қызық болса — түйіндемеңізді біздің электрондық поштаға жіберіңіз.
Біз сізбен хабарласып, сұхбаттасуға шақыруға дайынбыз.
Құрметпен,
Beinekom командасы