Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 ай – 3 жыл .
Толық жұмыс күні, толық жұмысбастылық.
Зп + бонус (өзіміз беретін просмотр санынан асырсаңыз )
Міндеттері:
Копирайтинг және контент жазу (TikTok, Facebook және Instagram үшін) + TikTok стримерлерін іздеу;
Біздің әлеуметтік желілерімізге тиімді контент-жүйесін құру
- Әлеуметтік желілердегі контентті жылжыту схемаларын ойлап табу, тестілеу және іске асыру;
- Үнемі стористер түсіру;
- Жарияланымдарды толық рәсімдеу: мәтін жазудан бастап дизайнға дейін;
- Командамен бірге үздік идеяларды ойлап тауып, миллиондаған қаралым жинайтын бейнелер жасау және ең үздік брендтер деңгейінде контент шығару;
-
Маркетинг стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- Instagram/TikTok/Telegram парақшаларын жүргізу;
- Instagram жарнамасын іске қосу;
- Фото жасау және әлеуметтік желілерде жариялау;
- Креативтер дайындау;
- Reels үшін сценарийлер жазу;
- Ай сайын белгіленген есептілікті дайындау және ұсыну.
Талаптар:
Маркетинг саласында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы;
Офисте жұмыс істеу (қашықтан жұмыс емес!);
- Жарнама іске қосу тәжірибесі;
- Фото түсіру және өңдеу тәжірибесі;
- Бейне және фото контент түсіру тәжірибесі;
- Stories монтаждау, мәтіндерді өңдеу құралдарын білу ;
- Грамматикалық сауатты жазу және сөйлеу тілі, брендтің стилі мен эстетикасын түсіну;
- Қазақ және орыс тілдерін білу;
- Stories монтаждау және мәтін өңдеу дағдылары;
-
Біз ұсынатын шарттар:
Нарық көшбасшысы компанияда жұмыс;
Толық жұмыс күні;
- Сынақ мерзімінен кейін ресми жұмысқа қабылдау;
- Жақсы ұжым.
- Сонымен қатар:
Біз тәжірибесі бар (6 айдан бастап) және тәжірибесі жоқ, бірақ үйренуге дайын SMM мамандарды да қабылдаймыз.
Үйренемін, дамимын деген ынтасы бар мамандарға оқыту қарастырылған.