Астана, улица Амангельды Иманова, 19
Оқушың ҰБТ-дан информатикадан жоғары балл алғанда қуанасың ба? Онда бұл вакансия сен үшін.
FM Online — физика, математика және информатикадан ҰБТ-ға дайындайтын EdTech-компания. Командамызда 200-ден астам адам бар. Қазір информатика бағытын күшейтіп жатырмыз және оқушы сабақтан шығып кетпейтіндей етіп түсіндіре алатын мұғалім іздейміз.
🎯 Не істейсің:
— Google Meet-те аптасына 4–6 практикалық сабақ өткізесің: оқушы тақырыпты жаттамай, түсінуі керек.
— ҰБТ нұсқаларын талдайсың: дұрыс жауапты ғана емес, шешу логикасын да көрсетесің.
— YouTube-та тікелей эфир жүргізіп, оның презентациясын дайындайсың.
— Апта сайын ҰБТ форматында 100–150 тапсырма құрастырасың: үй жұмысы, қосымша тапсырмалар, тест нұсқалары.
— Жеке сабақтарда оқушылардың әлсіз тұстарын жабасың.
Жалғыз емессің: қасыңда «Информатика» бағытының басшысы, академиялық бөлім және контент командасы болады.
✅ Сен бізге керексің, егер:
— онлайн сабақ өткізген болсаң;
— оқушыларды информатикадан ҰБТ-ға дайындаған болсаң;
— ҰБТ форматында тапсырма мен нұсқа құрастырып, жауабын мұқият тексере алсаң;
— оқушымен бір вайбта сөйлесіп, күрделі тақырыпты қарапайым етіп түсіндіре алсаң;
— жоспарлап жұмыс істеп, бәрін уақытында тапсыратын болсаң.
⭐ Информатика немесе педагогика бойынша жоғары білімің болса, бұл артықшылық.
🎁 Біз ұсынамыз:
❗ Басқа ҰБТ орталығында қатар жұмыс істеуге болмайды.
📩 Қалай өтінім беруге болады?
Түйіндемеңді және бар болса, өзің жасаған материал үлгілерін жібер. Информатика командамызға дәл сен жетпей тұрған шығарсың!
Центр подготовки (AIPLUS)
Астана
от 280000 KZT