Farabi Kids — балаларға арналған онлайн білім беру платформасы. Біз балаларға онлайн сабақ беретін мұғалімді іздейміз. Сабақ тілі — қазақ немесе орыс: мұғалім өзі еркін меңгерген тілде сабақ береді.
Міндеттер:
- Дайын кесте бойынша балаларға онлайн сабақ өткізу
- Сабақты сапалы әрі қызықты өткізу, балалардың назарын ұстап отыру
- Сабаққа уақытында қосылу, кестені нақты сақтау
Талаптар:
- Балалармен жұмыс істей білу
- Жауапкершілік пен уақытқа ұқыптылық
- Сабақты қызықты әрі түсінікті өткізе алу
- Қазақ немесе орыс тілінде еркін сөйлеу — екі тілді де білсеңіз, бұл үлкен артықшылық
- Онлайн жұмыс істеуге дайындық: компьютер немесе ноутбук, тұрақты интернет, камера мен микрофон
Шарттар:
- Алғашқы 1 ай Алматыдағы офисте жұмыс істейсіз, одан кейін жұмыс толығымен онлайн — үйден-ақ сабақ бере аласыз
- Сабақ кестесі алдын ала келісіліп, дайын күйінде беріледі
- 1 сабаққа төлем — 1 500 тг
- 1 топ — аптасына 3 рет, айына 12 сабақ (бір топтан айына 18 000 тг)
- Әр мұғалімге кемінде 10 топ беріледі — табысыңыз айына 180 000 тг-ден басталады
Түйіндемеңізді жіберіңіз — біз сізбен өзіміз хабарласамыз!