Астана, проспект Туран, 34В
GEONLINE — оқушыларды ҰБТ-ға онлайн форматта дайындайтын білім беру компаниясы.
2021 жылдан бері Қазақстан бойынша 18 000+ оқушыны оқыттық. Түлектеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, грант иегері атанып келеді.
YouTube арнамызға, жарнамалық контентке, университеттер мен іс-шараларға арналған сапалы видеолар түсіретін видеограф іздейміз.
Не істейсіз?
- YouTube, таргет, университеттер мен іс-шараларға арналған видеоларды түсіру
- Тікелей эфирлерді OBS Studio арқылы ұйымдастыру және жүргізу
- Түсірілім кезінде жарық, дыбыс және кадр сапасын бақылау
- Видео материалдарды өңдеу және монтаждау
- Маркетинг командасымен бірлесе жұмыс істеу
- Контенттің визуалды сапасына жауап беру
- ИИ промо видороликтерді дайындау
Біз кімді іздейміз?
- Видеография саласында тәжірибесі бар
- YouTube форматында жұмыс істей алатын
- Түсірілім және монтажды жақсы меңгерген
- Қазақ тілін жетік меңгерген
- Портфолиосы бар
- Кадрды сезінетін және визуалды талғамы бар
- Жауапкершілігі жоғары, дедлайндарды сақтайтын
Біз не ұсынамыз?
- Заманауи әрі белсенді командада жұмыс істеу
- YouTube бағытында кәсіби тәжірибе жинау және даму мүмкіндігі
- Қызықты жобалар мен креативті контентпен жұмыс
- Командамен бірге даму және жаңа мүмкіндіктер
- Жыл қорытындысы бойынша нәтижеге байланысты шетелге шығу мүмкіндігі