Астана, проспект Туран, 34В
GeOnline — онлайн ҰБТ-ға дайындық орталығы.
Біз YouTube, Telegram және Instagram платформаларына контент әзірлейтін шығармашыл сценарист-копирайтер іздейміз.
Міндеттері:
— YouTube видеоларына сценарийлер жазу;
— Instagram Reels және қысқа видеоларға сценарий дайындау;
— Telegram және Threads парақшаларына контент жазу;
— WhatsApp рассылкаларына мәтіндер дайындау;
— Таргеттелген жарнамаға арналған мәтіндер жазу;
— Контент жоспарын контент-маркетологпен бірге әзірлеу;
— Жұмыстарды белгіленген мерзімде орындау және апталық/айлық есеп беру.
Талаптар:
— Қазақ тілін еркін білу;
— Копирайтер немесе сценарист ретінде тәжірибе;
— Сауатты жазу және ойын анық жеткізе білу;
— Қызықты әрі құрылымды мәтін жаза алу;
— Маркетинг, журналистика немесе EdTech саласындағы тәжірибе артықшылық болады.
Біз ұсынамыз:
— Кәсіби оқыту және даму;
— Карьералық өсу мүмкіндігі;
— Портфолио қалыптастыру;
— Ынтымақты команда және тимбилдингтер;
— Уақытылы жалақы және бонустар;
— Үздік мамандарға ақшалай сыйақылар, шетелдік сапарлар және басқа да марапаттар.