Алматы, улица Алишера Навои, 280
Метро: АлатауСоңына дейін оқыңыз — өтінім беру тәртібі төменде жазылған.
Бұл вакансия кімге арналған?
• Тұрақты жұмыс пен тұрақты көлем іздейтіндерге;
• Жасы 21–25 жас;
• Жарнамалық монтажды жақсы көретіндерге;
• Монтажда дамып, табысын өсіргісі келетіндерге.
Сіздің міндетіңіз
Сізге кадрларды ойлап табудың, материал іздеудің немесе жүздеген исходникті сұрыптаудың қажеті жоқ.
Жұмыс процесі дайын:
Концепт + сценарий → AI-креатор дайын видео-генерацияларды береді → сіз монтаждайсыз → финал тапсырасыз.
Сізден:
• дайын раскадровка бойынша роликті жинау;
• Premiere Pro / After Effects-та монтаждау;
• музыка және sound design қосу;
• мәтіндерді әдемі анимациялау;
• қажет жерде motion design, tracking, эффектілер жасау;
• финалды өзіңіз тексеріп, дедлайнда тапсыру.
Жеке MacBook Pro болуы міндетті.
Жалақы және KPI
Табыс: 250 000–350 000 ₸.
Бұл жай фиксированная жалақы емес. Табыс жұмыс нәтижесі мен KPI жүйесіне байланысты өседі.
KPI 4 негізгі көрсеткіш бойынша есептеледі:
• монтаж сапасы;
• дедлайнды сақтау;
• регламент және жұмысты дұрыс ұйымдастыру;
• жұмыс графигі және кері байланыс.
KPI-дың мақсаты — ақша алып қалу емес, жұмыс сапасы мен тәртіпті нақты жүйеге қою.
Біз ұсынамыз
• Дайын ТЗ, концепт, раскадровка және барлық видео материалдар;
• Adobe және қажетті подпискалар — бізден;
• тұрақты жұмыс көлемі;
• нақты регламент пен дайын жұмыс жүйесі;
• түсінікті дедлайндар мен міндеттер;
• 2,5 айдан кейін спорт/хоббиге 50% компенсация
Біздің мақсат — сізге барлық жағдайды жасап беру. Сізден — сапалы монтаж, жауапкершілік және нәтиже.