Пайдаланушыларға қызмет көрсету бөліміне маман

Учреждение SDU University

Пайдаланушыларға қызмет көрсету бөліміне маман

Каскелен, проспект Абылай хана, 1/1

Описание вакансии

Функционалдық міндеттері:

– Кітапхана пайдаланушыларына библиографиялық және анықтамалық қызметтер көрсету;

– Оқуды насихаттау үшін мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу;

– Кітапхананың оқу залдарының тиісті жұмысын қамтамасыз ету (бекітілген жұмыс кестесін, санитарлық нормаларды сақтау, АҚШ Конгресс кітапханасының (LCC) жіктемесіне сәйкес кітап қорын орналастыру және т. б.);

– Негізгі құралдарды басқару: - кітаптар мен басқа да материалдардың берілуін және уақтылы қайтарылуын бақылау; - кітапхана пайдаланушылары пайдаланған кезде жабдықтың (компьютерлер, сканер, проектор, RFID жабдықтары және т. б.) және жиһаздың сақталуын қамтамасыз ету;

Лауазымдық міндеттері:

– Пайдаланушыларға қызмет көрсету және олардың кітапхана қорына қол жеткізуін қамтамасыз ету;

– Жалпыға қол жетімді қордан құжаттарды таңдау кезінде және оқу залдарында компьютерленген орындарда жұмыс істеу кезінде пайдаланушыларға кеңес беру;

– Пайдаланушылардың кітапханалық және библиографиялық ақпараттық қызметтерге қанағаттануын қамтамасыз ету;

– Әдебиетке, поэзияға, ғылымға қызығушылық танытатын студенттердің клубтық топтарымен ынтымақтастық жүргізу;

– Кітапхана пайдаланушыларымен мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысу;

– Кітапханада қабылданған жіктеу жүйесіне сәйкес оқу залдарында кітапхана қорын орналастыру;

– Пайдаланушылардың кітапхананы пайдалану ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;

– Университет кітапханасының қызметкерлерімен, сондай-ақ университеттің стратегиялық серіктестерімен тәжірибе алмасу;

– Кітапхана мен университет басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау;

– Кітапхана қорын жыл сайынғы түгендеуге қатысу;

– Пәндік кітапханашы функцияларын орындау;

– Өзінің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктері шегінде кітапхана мен университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау

Талаптары:

– Корпоративтік дресс-кодқа сәйкестігі;

– Белгіленген жұмыс кестесін сақтау;

– Компьютерлік сауаттылық – (Word, Excel, PPT, Google apps және т.б.);

– Құпия мәліметтерді жарияламау;

– Заңнамаларда және университеттің ішкі құжаттарында белгіленген моральдық-этикалық нормаларды сақтау

Жұмыс шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау
  • Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 8:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30; (айына 1 рет сенбі 8:30–17:30).
  • Кампустағы жаңа инновациялық кітапханаға қолжетімділік
  • Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік
  • Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер
  • Кампустағы «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері
  • Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

qazaq.shapany
  • Алматы

  • от 300000 KZT

Рекомендуем
MYRZA GROUP
  • Алматы

  • до 800000 KZT

Рекомендуем

Сату маманы

Куралай

  • Алматы

  • до 1500000 KZT

  • Алматы

  • до 700000 KZT

  • Алматы

  • до 500000 KZT

Ehlel & Amjilt international company (Эхлэл & Амжилт )

Сату маманы / Менеджер по продажам в учебный центр

Ehlel & Amjilt international company (Эхлэл & Амжилт )

  • Алматы

  • до 850000 KZT

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию