Нағыз пысық: Тез қимылдайтын, мәселені сол жерде шеше салатын, сөзге шешен адам.
Команданы жинай алатын: Менеджерлер мен инвайтерлерді басқарып, оларға рух беріп, алға сүйрейтін көшбасшы.
Сатудың жілігін шаққан: Клиенттің тілін табатын, «жоқ» дегенді «иә» қыла алатын маман.
Жай ғана креслода отырмай, сатылым планын үнемі асырып орындайтын нағыз қасқыр.
Не істеу керек?
Сату бөлімінің жұмысын бастан-аяқ бақылау (кім қалай сөйлесіп жатыр, қанша сатты).
Менеджерлерге үнемі тренинг өткізіп, оларды үйретіп, «прокачать» етіп отыру. Сатылым санын көбейтіп, кассаға түсетін табысты арттыру. Бізден не ұсынылады?
Жақсы табыс: тұрақты жалақы + сатылымнан түсетін бонус (табыста потолок жоқ, қанша сатсаң – сонша аласың).
Кино саласындағы өте қызықты жобалар.
Егер осы айтылғанның бәрі сен туралы болса, уақыт созбай бізге жаз!