MYRZA BRAND — заманауи қазақ ұлттық киімдерін өндіретін табысты этно-бренд. Біз дәстүрлі элементтер мен қазіргі стильді үйлестірген ерлер және әйелдер киім коллекцияларын жасаймыз.
Компания өсіп келеді, өндіріс кеңейіп жатыр, сондықтан біз сапалы іріктеуді қамтамасыз етіп, корпоративтік мәдениетті күшейтіп, командамызды әрі қарай масштабтауға негіз қалыптастыра алатын HR-менеджерді іздеп жатырмыз.
Сіздің рөліңіз:
Сіз осы лауазымда HR саласында жүйелі жұмыс қалыптастырып, мағыналы өзгерістер енгізіп, даму процестерін жүргізетін негізгі маман боласыз.
Сіздің міндеттеріңіз:
- Қызметкерлерді тиімді іріктеу және жалдау үдерісін құру және жүргізу.
- Кадрлық іс жүргізуді үйлестіру және бақылау.
- Корпоративтік мәдениетті нығайту.
- Бейімдеу бағдарламаларын енгізу және қызметкерлерді дамыту.
- HR-стратегияны, мотивация және оқыту жүйесін құру.
- Кадрлық мәселелермен, шағымдармен, қақтығыстармен және күрделі жағдайлармен жұмыс істеу.
- Компания мен қызметкерлердің мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
- Әртүрлі жас санатындағы қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасай білу.
- Іс-сапарларға басқа қалаларға шығуға дайын болу.
Бізге қажет маман:
- Нәтижеге бағытталған болсаңыз және жалдау жоспарын соңына дейін орындай алсаңыз.
- Позитивті, қарым-қатынасқа ашық, жауапты болсаңыз.
- Сауатты коммуникация жасай алсаңыз.
- HR саласында тәжірибеңіз бар және жалдау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінсеңіз.
- Орыс және қазақ тілдерін еркiн меңгерген болсаңыз.
- Компьютерді, Microsoft Office, 1С, Platrum бағдарламаларын және кадрлық іс жүргізуді сенімді түрде қолдана алсаңыз.
Біз не ұсынамыз:
-
Нақты құрылған жалдау технологиясы және түсінікті бизнес-процестер.
Оқыту, қолдау және сүйемелдеу (соның ішінде HR Capital компаниясындағы HR-директор курсы, форумдар, кәсіби іс-шаралар).
-
Қызықты жобаларға қатысу және компанияның дамуына тікелей әсер ету мүмкіндігі.
-
Бизнес-партнёр деңгейіне дейін мансаптық өсу және жеке HR-департамент құру мүмкіндігі.
-
Икемді график мүмкіндігі, 5/2 жұмыс кестесі, 9:00-ден 18.00-ге дейін; 10.00-ден 19.00-ге дейін.
-
Жалақы: 400–500 мың тг.
-
Фитнес-клубқа тегін бару мүмкіндігі.
-
All inclusive бағдарламасымен шетелге бару мүмкiндiгi.
-
Бастамашыл мамандарды бағалайтын, пікірге құлақ асатын басшылық және жайлы жұмыс атмосферасы.
Егер бұл вакансия сізге қызықты болса — танысуға қуаныштымыз.
Түйіндемеңізді жіберіп, неге дәл сіз біздің командамыздың бір бөлігі бола алатыныңызды жазыңыз.
MYRZA BRAND командасына қосылыңыз🚀