Астана
Барлық шарттар мен міндеттермен танысып шығуыңызды сұраймыз.
Міндеттері:
Асхана қызметкерлерінің жұмысын бақылау;
ДӘМДІ тағам дайындай білу;
Жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды дұрыс пайдалануын бақылау;
Асхана қызметкерлерін іріктеу;
Аспаздар мен өндіріс қызметкерлерін орналастыру;
Қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, санитарлық талаптар мен жеке гигиена қағидаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылау;
Шикізатты іріктеу, тағам дайындау, сапаны бақылауды қоса алғанда, аспаздық үдерісті ұйымдастыру және бақылау;
Есептік құжаттаманы жүргізу;
Тағам дайындау технологиясын, шикізат салу нормаларын бақылау;
Қорларды басқару, өнімдерге тапсырыс беру, шығындарды бақылау және асхана бюджетін сақтау;
Сатылым деректерімен, клиенттердің пікірлерімен жұмыс істеу және ас сапасын үнемі жақсарту үшін бәсекелестік ортаны талдау;
Тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында басқа филиалдармен ынтымақтастық;
Қызметкерлерді оқыту;
Мәзір әзірлеу.
Талаптар:
Бас аспаз (ШЕФ-ПОВАР) лауазымына дейін өсуге деген ниет;
Мейрамханада ұқсас лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
Тағам дайындаудың заманауи технологияларын меңгеру;
Қызметкерлерді басқару, оқыту және ұжымды ынталандыру дағдылары;
Компания стандарттарын сақтау;
Еуропалық, шығыс, жапон асханасын, суық цехты, фаст-фуд бағыттарын білу;
Арнайы кәсіби білімінің болуы;
Нормативтік және технологиялық құжаттаманы білу және меңгеру;
IIKO бағдарламасын білу;
Жеке қасиеттері: көшбасшылық, ұқыптылық, жігерлілік, адалдық, жауапкершілік, жеделдік, жақсы дамыған ұйымдастырушылық қабілет, аналитикалық ойлау, кез келген жағдайда жылдам шешім қабылдай білу.
Шарттар:
Жұмыс кестесі: 6/1, 09:00–21:00;
Тәжірибе мен біліктілікке сәйкес бәсекеге қабілетті жалақы (әңгімелесу барысында талқыланады);
Жалақы әр 2 апта сайын + KPI