Алматы, проспект Достык, 162к5
Метро: АбаяIQRA.Kazakh - қазақ тілін оқыту бойынша №1 білім беру академиясы.
Біз - қазақ тілін оқытуда заманауи стандарттарды қалыптастыратын, нарықта мойындалған көшбасшымыз.
10 000-нан астам оқушы небәрі 2 айлық интенсивті оқудан кейін қазақ тілінде еркін сөйлей бастады. Бұл нәтижелер -жобаның ауқымының, мықты әдістеменің және кәсіби команданың айқын көрсеткіші.
IQRA.Kazakh - жай ғана курс емес. Бұл - тұрақты түрде дамып, ауқымын кеңейтіп, қазақ тілін оқыту нарығында №1 көшбасшы орнын сақтап келе жатқан ірі білім беру жобасы.
Егер неге дәл біздің компанияны таңдау керек деген сұрақ туындаса, жауабы қарапайым.
Біз ұсынамыз:
кепілдендірілген мансаптық өсу
айқын және ашық жалақы мен бонус жүйесі
команда ішінде ашық коммуникация және тұрақты қолдау
Қазақ тілі пәні мұғалімінің бос жұмыс орны
Біз қазақ тілін нөлден бастап үйренетін орыс тілді аудиториямен жұмыс істейміз.
Мұғалімдерге қойылатын талаптар:
кемінде 1 жылдық педагогикалық тәжірибе
қазақ тілін жетік білу
орыс тілін кемінде еркін сөйлесу деңгейінде міндетті түрде білу (себебі студенттер орыс тілді)
балаларға қазақ тілін нөлден бастап үйретуге ынта
онлайн сабақ өткізуге арналған жеке техникасының болуы
Google Meet платформасымен жұмыс тәжірибесі
Жұмыс шарттары:
5/2 немесе 3/3 жұмыс кестесі
09:00–17:00 немесе 17:00–22:00
толық жұмыс күні: жалақысы 350 000 теңгеден бастап
жарты ставка: 250 000 теңгеден бастап
Егер сіз мәтінді соңына дейін оқып, біздің үлкен командамыздың бір бөлігі болуға дайын болсаңыз, қазақ грамматикасындағы ең сүйікті сабақ тақырыбыңызды жазыңыз.