Жұмыс туралы:
Компания қоғамдық тамақтану(общепит) саласында жұмыс істейді. Бізге жауапкершілігі жоғары, ұқыпты және тәжірибелі бас бухгалтер қажет.
Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
- Компанияның толық бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу;
- Қаржылық құжаттарды рәсімдеу, тексеру және есепке алу(накладной, шот-фактура, акт және т.б.);
- Поставщиктермен(жабдықтаушылармен) қарым-қатынас орнату және есеп айырысу;
- Түскен және шыққан ақшалай қаражатты бақылау, банк және касса операцияларын жүргізу;
- KPI нормаларын құра алу;
- ОПиУ(PNL), ДДС, Юнит экономикасын білу;
- Ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептіліктерді тапсыру;
- Басшылыққа қаржылық талдау мен есеп дайындау.
Бізге қажет маман:
- Бухгалтерия саласында кемінде 2 жылдық тәжірибесі бар;
- Міндетті түрде қоғамдық тамақтану (общепит) саласында жұмыс тәжірибесі бар;
- 1С, Excel және өзге бухгалтерлік бағдарламаларды жетік меңгерген;
- Поставщиктермен жұмыс істей алатын, құжат айналымын реттей білетін;
- Жауапкершілігі жоғары, ұқыпты және тиянақты адам;
- Командамен тиімді жұмыс істей алатын.
Біз ұсынамыз:
- Бір мезгіл тамақтандыру;
- Жүріп тұрған кәсіпте тәжірибе;
- Дамушы, жанып тұрған орта;
- Уақытылы айлық жалақы;
- Компания атынан тимбилдингтер;
- Мерекелік марапаттар.
Тек осы салада тәжірибесі бар адамдар керек! Күтеміз!