Талдыкорган
MSF (Médecins Sans Frontières / «Шекарасыз дәрігерлер») — бұл халықаралық, тәуелсіз, медициналық-гуманитарлық ұйым. Ол әлемнің 70-тен астам елінде соғыс қақтығыстарынан, табиғи апаттардан, індеттерден және мәжбүрлі көші-қоннан зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
MSF Қазақстанның Талдықорған қаласында қандастар қауымының осал топтарына психоәлеуметтік және медициналық қызмет алуды жеңілдетуге бағытталған жобаны іске асырады.
Негізгі мақсаты
Әлеуметтік қызмет менеджерінің басшылығымен бенефициарлар мен жергілікті қауымдастықтар арасында MSF қызметтері туралы хабардарлықты арттыру. Денсаулыққа қатысты тақырыптар бойынша білім мен дағдыларды нығайту мақсатында үгіт-насихат жүргізу және қауымдастықпен өзара іс-шаралар өткізу.
Міндеттері
Бұл рөл қауымдастық ішінде ақпараттық кездесулер, іс-сапалар, және цифрлық байланыс арқылы MSF қызметтерін насихаттаумен айналысады. Бұның ішіне бенефициарларды медициналық және әлеуметтік қызметтерге ертіп жүру, дәрігерлік жолдамалармен көмектесу және қызмет түрлерін алуын жеңілдету кіреді. Сонымен қатар, қауымдастықпен байланыс орнату: жергілікті құрылымдарды анықтау, кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастыру, медициналық тұрғыда маңызды тақырыпта ақпарат таратады. Қосымша міндеті ретінде, денсаулық сақтау саласындағы тараптарпен байланыс орнатып, оқу-ағарту материалдарын әзірлейді. Бұл маман сапалық зерттеулер жүргізеді, іс-шаралардың әсерін бағалап, нәтижелерді өз менеджеріне баяндайды. Жобаның жиындарына қатысып, ай сайын атқарылған жұмыс бойынша есеп береді.
Білімі
Тәжірибесі– кемінде 2 жыл
Оқыту, мейіргерлік, әлеуметтік жұмыс немесе қауымдастықпен жұмыс саласында тәжірибесі болғаны абзал.
Тіл білімі
Жұмыс шарттары:
Қандастарды өтінім беруге шақырамыз.
Қызығушылық танытқан үміткерлер, түйіндемесі мен ниет хатын 2026 жылдың 7 наурызына дейін төмендегі поштаға жіберуге болады. Біз жоғарыда аталған талаптарға сәйкес іріктелген үміткерлермен ғана байланысқа шығамыз.
Жұмысқа алу барысында ешқандай ақшалай ұсыныстарға, тауарларға немесе қызметтерге, сондай-ақ іштартарлыққа жол берілмейді. MSF мұндай әрекеттерге барған кез келген үміткерден бас тартуға қақылы.