MSF (Médecins Sans Frontières / «Шекарасыз дәрігерлер») - халықаралық, тәуелсіз, медициналық гуманитарлық ұйым. Әлемнің 70-тен астам елінде әскери қақтығыстардан, табиғи апаттардан, эпидемиялардан, мәжбүрлі көші-қоннан немесе қоныс аударудан зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
MSF Қазақстанның Талдықорған қаласында әлеуметтік осал топ Қандастар қауымдастығының мүшелеріне психоәлеуметтік қолдау көрсетіп, медициналық қызмет алуды жеңілдету мақсатында қызмет атқарады.
Негізгі мақсаты
MSF қағидалары, стандарттары мен процедураларына сәйкес бенефициарларға психологиялық қолдау көрсету арқылы олардың психикалық саулығын жақсарту.
Міндеттері
- Бенефициарлардың психикалық саулық қажеттіліктерін бағалау, диагноз қою, емдеу жоспарын құру;
- MSF хаттамаларына сәйкес бенефициарлар мен олардың отбасыларына психотерапия сеанстары (жеке, отбасылық, топтық, онлайн) арқылы психологиялық қолдау көрсету;
- Бенефициарлардың деректерін дұрыс тіркеп, барлық ақпараттың құпиялығын сақтау;
- Нұсқаулықтарға сәйкес апталық/айлық есептер жасау үшін деректерді жинау және талдау;
- Психоәлеуметтік көмек көрсету (мысалы, психобілім беру топтары, бенефициарлар мен олардың туыстарына психоәлеуметтік қолдау шаралары мен т.б.);
- Әлеуметтік қызмет тобымен бірлесіп, қауымдастыққа негізделген психоәлеуметтік іс-шараларды әзірлеу, жүзеге асыру және бақылау;
- Қажет болған жағдайда ауыл-аймақтағы сапарларға қатысып, бенефициарлардың үйіне бару;
- Команда мүшелерімен бірлесіп, бенефициарлардың қажеттіліктеріне сәйкес ішкі және сыртқы жолдамаларды қамтамасыз ету;
- Бенефициарлардың психикалық саулық пен психоәлеуметтік қолдау (MHPSS) қажеттіліктерін анықтау үшін денсаулық сақтау сұрақтары бойынша жауапты кеңесшімен тығыз жұмыс істеу: көпсалалы бағалауға қатысу, көпсалалы емдеу жоспарын құру;
- MSF қызметкерлеріне тренингтер өткізу кезінде психикалық саулық қызметінің менеджеріне қолдау көрсету.
Білімі
- Психология бойынша диплом немесе жоғарғы білімі болуы міндетті;
- Психотерапия саласындағы магистрлік немесе арнайы білімнің болғаны жақсы;
- Компьютерлік дағдылар (MS Office);
- Мәдени әртүрлі ортада жұмыс істей алу;
- Нәтижеге және сапаға бағытталу, дәлділік, топта бірлесе жұмыс істей білу, икемділік, күйзелісті игере алу, MSF қағидаларына адалдық.
Тәжірибесі – кемінде 2 жыл
- Психологиялық терапия қызметін көрсететін психолог ретінде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі міндетті;
- EMDR, травмаға бағытталған КБТ (когнитивті мінез-құлық терапиясы), Наративті экспозициялық терапия сияқты траумаға бағытталған әдістерді қолдануда тәжірибесі болғаны абзал;
- MSF немесе дамушы елдерде басқа да үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал.
Тіл білімі:
- Қазақ тілін еркін меңгерген;
- Ағылшын/орыс тілдерін білгені абзал.
- Төте жазуды білгені абзалырақ.
Еңбек шарттары:
- Азаматтық құқықтық сипаттағы шарт
- Жартылай жұмыс күні (0.5 мөлшерлеме), жұмыс күндерін өзара келісуге болады, сағат 8:00-17:00
- Кеңсе Талдықорған қаласы, Мүшелтой ықшам ауданы 8/2 мекенжайында
- Ерікті медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету
- Оқу және кәсіби даму мүмкіндіктері
- Тіл үйрену сабақтарын алу мүмкіндігі
Қандастарды өтінім беруге шақырамыз.
Қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндемесі мен ниет хатын 2026 жылдың 7 наурызына дейін төмендегі поштаға жіберуге болады. Біз жоғарыда аталған талаптарға сәйкес іріктелген үміткерлермен ғана байланысқа шығамыз.
Жұмысқа алу барысында ешқандай ақшалай ұсыныстарға, тауарларға немесе қызметтерге, сондай-ақ іштартарлыққа жол берілмейді. MSF мұндай әрекеттерге барған кез келген үміткерден бас тартуға қақылы.