Хатшы

Описание вакансии

Міндеттері:

  • кіріс және шығыс корреспонденциясын жүргізу, есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету;
  • құжаттаманы қазақ және түрік тілдерінде жүргізу;
  • басшының тапсырмаларын уақытылы орындау;
  • телефон арқылы келіссөздерді ұйымдастыру;
  • басшы өткізетін кездесулерді, отырыстарды және кеңестерді ұйымдастыруға көмектесу;
  • қызметтік және жеке мәселелер бойынша келушілерді қабылдауды реттеу (өтініштер мен ұсыныстардың жедел қаралуына жәрдемдесу);
  • Университет және Өкілетті кеңеспен байланыс пен коммуникацияны жүзеге асыру.

Талаптар:

  • жоғары білім;
  • түрік тілін білу міндетті, ағылшын тілін білу – артықшылық;
  • іс жүргізу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • компьютерде жұмыс істеудің практикалық дағдылары (Word, Excel, Internet, E-mail);
  • телефон жүйелері мен іс жүргізуде қолданылатын оргтехниканы пайдалану дағдылары;
  • коммуникабельділік;
  • жауапкершілік;
  • ұқыптылық.

Жұмыс шарттары:

  • толық жұмыс күні (09:00–18:00), бес күндік жұмыс аптасы;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми рәсімдеу және әлеуметтік кепілдіктер;
  • халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндігі;
  • достыққа негізделген ұжым.
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию