Врач-хирург

Врач-хирург

село Темирлановка

Описание вакансии

Қызметкердің міндеттері мен құқықтары

3.1. Қызметкер:

1) Өзінің лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген еңбек міндеттерін адал атқаруға;

2) еңбек тәртібін, нормалар талабын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен ережелерді, сонымен қатар Қызмет берушінің өндіріске қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша талаптарын, өндіріс санитариясын және өрт қауіпсіздігін сақтауға;

3) жұмыс істеу барысында мекеменің мүліктеріне зиян келтірмеуге, тәртіп бойынша жабдықтар мен материалдарды, жеке және ұжымдық қорғану жабдықтары қолдануға;

4) Қызмет берушінің коммерциялық құпияларына қатысты оған сеніп тапсырылған мәліметтерді жария етпеуге және берілген мүліктерге материалдық жауапты болуға;

5) зейнетақы жинақтаушы қорынан басқасына ауыстыру барысында жинақтаушы қорымен шарт жасасу туралы Қызмет берушіні хабардар етуге;

6) Қызмет берушінің талаптары мен мүдделеріне сәйкес әрекет етуге;

7) осы шарт бойынша міндеттердің орындалуына байланысты Қызмет беруші арқылы берілген мүліктерге толық материалдық жауапты болу туралы шартқаа қол қоюға міндетті.

3.2. Қызметкер:

1) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шартты өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) еш кемсітушіліксіз еңбегіне сәйкес еңбекақы алуға;

3) кәсіптік одаққа немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге, егер өзге заңнамалық актілерде тыйым салынбаса, өз еркімен мүше болуға;

4) демалыс алуға;

5) еңбек міндеттерін атқаруға оның денсаулығы мен мүлкіне келтірілген шығындардың өтелуіне;

6) өтемақы мен кепілдіктердің берілуіне;

7) еңбек дауларын тараптардың келісімімен немесе сот тәртібімен шешуге;

8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;

9) жеке басының беделі мен абыройын сақтауды талап етуге

құқылы.

4. Қызмет берушінің міндеттері мен құқықтары

4.1. Қызмет беруші:

1) кодекске сәйкес Қызметкерлерді еңбектің қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз етуге;

2) жеке еңбек шарты мен еңбек кодексінің талаптарын сақтауға;

3) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға;

4) қызметкерлер өкілінің ұсыныстарын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға;

5) мекеме қаражаты есебінен, еңбек міндеттерін атқару үшін Қызметкерді қажетті жабдықтар және материалдармен қамтамасыз етуге;

6) Қызмет берушінің актілерімен, осы шартпен, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылған еңбекақысын және басқа да төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге;

7) Қызметкерге Еңбек кодексінде қарастырылған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен демалыстың басқа да түрлерін беруге міндетті.

4.2. Қызмет беруші:

1) еңбек кодексінде белгіленген тәртібімен осы шартты бұзуға және тоқтатуға, толықтыруға, өзгертуге;

2) өз құзыреті шегінде Қызмет берушінің актілерін, оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша шығаруға;

3) Қазақстан Республикасы кодексімен белгіленген тәртіпте, Қызметкерді ынталандыруға, сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда, материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға;

4) Қызметкер арқылы келтірілген шығынның орнын толықтыруға;

5) өкілдік және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қызмет берушілер бірлестігін құруға және соған

кіруге құқылы.

6) Ерекше жағдайлар: Түркістан облысы ДСБ-ның арнайы жолдамасымен жұмысқа қабылданған мамандарға арналған бөлім. ОҚО мәслихатының 23-қазандағы 2017-жылғы № 15/192-VI «ОҚО ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» шешімінің 1 бөлігі 1 тармағы, яғни «бір жолғы материалдық көмек» тармағын қоспағанда, осы шешімге байланысты жеңілдіктерді пайдаланған және Қазақстан Республикасы 23-қараша 2015-жылғы 414-V Еңбек кодексінің 118-бабының 3-тармағы бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқытылған жағдайда, 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жас мамандар кәсіптік даярлау,қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін жұмыс орнында 5 жыл жұмыс атқаруға міндетті.

Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию