Сату маманы (қазақ тілінде)

Sabaq.online

Сату маманы (қазақ тілінде)

Астана, проспект Абылай Хана, 9

Описание вакансии

Сәлем! Мен — Баян Алмұратқызы, Sabaq Online компаниясының HR-менеджерімін.

Біз командамызды кеңейтіп жатырмыз және белсенді түрде табысты болғысы келетін сату менеджерлерін іздейміз!
Егер сен сенімді сөйлей алатын, жақсы табыс тапқысы келетін және өзіңді дамытуға дайын жан болсаң — бұл сенің мүмкіндігің.

Біз кімбіз?
Sabaq Online — еліміздегі мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындап, жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін ең ірі онлайн білім беру платформасы.
Біздің платформаны мыңдаған оқушылар таңдайды, себебі біз:
  • Тәжірибелі ұстаздардан сапалы сабақтар ұсынамыз
  • Нәтиже көрсетеміз: түлектеріміз жоғары балл жинап келеді
  • Қазіргі заманғы онлайн оқу құралдарын қолданамыз
Неге вакансия ашық?
Ай сайын бізге келетін өтініштер мен ата-аналар мен оқушылардың қызығушылығы артуда. Барлық сұранысты сапалы өңдеу үшін біз сату бөлімін кеңейтіп, жаңа әріптестерді іздеудеміз.
Сіздің міндетіңіз қандай болады?
Сіздің басты мақсатыңыз — консультация беру және сату.
Негізгі міндеттеріңіз:
  • Келген өтініштерді өңдеу
  • Өнімдерді таныстыру (жеке скрипт бойынша)
  • Қажеттіліктерді анықтап, сатуға дейін жеткізу
  • Қарсы пікірлермен жұмыс істеу және мәмілеге келу
Жұмыс шарттары:
  • Жұмыс кестесі: 6/1, сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін
  • Офистық жұмыс (Астана)
  • Оқумен қатар алып жүруге болады
Жалақы:
  • Айлық оклад және сатылымнан үлкен бонустар
  • Жалақы — апта сайын (орта есеппен 50 000 - 200 000 тг аптасына )


Біз саған сатуды үйретеміз және сатқаның үшін ақы төлейміз! Егер қолыңнан келсе, бізбен жұмыс жасай аласың!

Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

ecoZere-Omega
Полный день
  • Астана

  • до 800000 KZT

Рекомендуем
QM
Полный день
  • Астана

  • до 950000 KZT

Рекомендуем
ecoZere-Omega
Полный день
  • Астана

  • до 900000 KZT

Рекомендуем
JAS EDUCATION
Полный день
  • Астана

  • до 600000 KZT

Полный день
  • Астана

  • до 450000 KZT

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию