Мектептерге арналған дидактикалық материалдарды әзірлейтін әдіскер

Мектептерге арналған дидактикалық материалдарды әзірлейтін әдіскер

Описание вакансии

Infolesson.kz Маркетплейсіне мектептерге арналған дидактикалық материалдарды әзірлейтін әдіскер керек

Біздің Маркетплейсте мектеп бағдарламасына сәйкес әдістемелік әзірлемелер жасау керек болады. Материал авторлардың білім базасындағы сапа критерийлеріне сәйкес жасалуы қажет.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіз біліміңіз бен тәжірибеңізді бөлісіп, табыс табумен қатар, әріптестеріңізге де пайдалы бола аласыз.

Міндеттер:

  • Авторлардың білім базасындағы сапа критерийлеріне сәйкес түрлі оқу материалдарын әзірлеу.
  • Материалдың түрлері: жұмыс парақтары, дидактикалық ойындар, жұмыс бағдарламалары, презентациялар, көркем жазулар және тағы басқа.
  • Дайын материалдарды платформаның жеке кабинеті арқылы жүктеу.

Талаптар:

  • Жоғары білім және білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі;

  • Әдістемелік материалдар жасауды жетік білу;

  • Материалдарды әдемі әрі сапалы рәсімдей білу (Word, PPTX, Figma, Canva…).

  • Көшірмеден аулақ болу және өзіндік контент ұсыну.

Шарттар:

  • Толықтай қашықтан жұмыс істеу. Еркін жұмыс кестесі.
  • Барлық кезеңде қолдау көрсететін Авторлардың білім базасы беріледі.

  • Табыс деңгейі тек сіздің белсенділігіңізге байланысты.
  • Табыс — жүктелген және сұранысқа ие материалдар үшін тұрақты сыйақы;

  • InfoLesson.kz ұсынған мотивациялық акциялар мен іс-шараларға қатысу мүмкіндігі.
  • Кәсіби мамандардың ашық қауымдастығы (әлеуметтік желілерде).

Сіз кез келген тілде, соның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материал жасай аласыз.

Навыки
  • Подготовка презентаций
  • Публикация контента
  • Работа с большим объемом информации
  • Умение планировать
  • MS PowerPoint
  • MS Word
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию