Алматы, проспект Суюнбая, 89
Метро: Райымбек батыраMYRZA BRAND этно-брендіне әйелдер өнімін кескіш (закройщица) қажет!
Біз кеңейіп жатырмыз және Алматы қаласының командасына шебер өнім кескіш (закройщица) іздейміз!
MYRZA BRAND – заманауи ұлттық стиль мен қазақи дәстүрді үйлестіретін этно-бренд. Біз жүрекпен жасалған жоғары сапалы ұлттық киімдер тігеміз.
Ұсынамыз:
• Еңбекақы: 300000-нан бастап (бұйымдардың саны мен сапасына байланысты)
• Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00, 5/2
• Ұжымда қолайлы атмосфера, бағаланатын еңбек
• Өсуге және дамуға мүмкіндік
Талаптар:
• Өнім кескіш (Закройщица) ретінде жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
• Ұқыптылық, шапшаңдық, детальдерге мән беру
• Күніне 25 өнім кесіп шағара алатын маман қажет
• Жауапкершілік және этно сәнге қызығушылық
Қазақ мәдениетін насихаттайтын брендтің бір бөлігі болғың келе ме?
Онда MYRZA BRAND командасына қосыл!