Шымкент, улица Шаяхметова, 39
Компания туралы
BY Construction — құрылыс және инженерлік бағыттағы компания. Біз сапа мен тәртіпке, әр тиынның есепті болуына мән береміз. Сол үшін тәжірибелі, сенімді және жүйелі ойлайтын қаржы саласының кәсіби маманын іздейміз.
Негізгі міндеттері
Компанияның бухгалтерлік және қаржылық есептілігін толық жүргізу (МСФО немесе ҚР стандарттары бойынша)
Барлық қаржы ағындарын бақылау, талдау және оңтайландыру
Салық есебін дұрыс, уақтылы тапсыру (КПН, ҚҚС, Әлеум.салық, ЖТС, ОПВ және т.б.)
Кіріс/шығыс құжаттар, банктік операциялар, касса қозғалысын жүргізу
Құрылыс жобалары бойынша смета, келісімшарт, төлем кестелерін бақылау
Қаржылық есептер, баланс, пайда мен шығын туралы есептерді дайындау
Қаржы стратегиясын әзірлеу, бюджеттеу және жоспарлау
Компания директоры мен құрылтайшыларға ай сайын есеп беру
Мемлекеттік органдармен, банктермен, аудиторлармен және серіктестермен жұмыс жүргізу
Қойылатын талаптар
Жоғары қаржы немесе бухгалтерлік білім
Бас бухгалтер/қаржы менеджері қызметінде кемінде 5 жыл тәжірибе
ҚР салық және бухгалтерлік есеп стандарттарын жете білу
1С, Excel, eGov, E-Salyq, E-GovFinance жүйелерінде еркін жұмыс істей алу
Қаржылық талдау, бюджеттеу және шығынды оңтайландыру дағдылары
Жауапкершілігі жоғары, ұқыпты және дер кезінде шешім қабылдай алатын
Құрылыс саласында тәжірибесі болса — артықшылық
Шарттар
Еңбек шарты бойынша ресми жұмыс
Толық жұмыс күні
Жалақы – сұхбаттасу нәтижесі бойынша (негізгі + KPI)
Кеңсе – Шымкент қаласы, Шаяхметов көшесі 39 үй
Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00