Жұмыс шарттары:
• Қашықтан жұмыс — кез келген уақытта, бірақ жылдам
• Жобалық негізде, тұрақты жұмысқа шығу мүмкіндігі бар
• Жобалар бойынша төлем, роликтің күрделілігіне байланысты
⸻
Міндеттеріңіз:
• Жарнамалық сценарийлер жазу
• Сценарий құрылымын сақтау: ХУК – МӘСЕЛЕ – ШЕШІМ – СТА
• Әр сөйлемге визуал бойынша кадр сипаттамасын жазу
• Маркетолог сияқты ойлау: мақсатты аудитория кім, не сатамыз, қандай мәселені шешеміз
• Сценарий жазу регламентін қатаң сақтау
• Бюджет пен өндірістік мүмкіндіктерді ескеру
• Роликке смета дайындау (актер, реквизит, локация — бағаларымен)
• Іске асатын идея ұсыну, құр креатив емес
• Командамен тез байланыс орнату, тапсырманы уақытылы тапсыру
⸻
Талаптар:
• Жарнаманы түсіну: не сатады, не жұмыс істейді, не әсер етеді
• Драматургия емес, B2B/B2C жарнамасынан хабары бар маман болуыңыз керек
• Продюсер ретінде ойлай білу: Алматыдағы кафеге арналған роликке «Қызыл алаңда» деп жазбау
• Өндірістік ресурстарды ескеру: реквизит, актер, жарық, көлік (түсіндіреміз, үйретеміз)
• Брифингтен бастап түсірілімге дейінгі продакшн процесін білу (Түсіндіреміз, үйретеміз)
• Смета жасай білу, қайдан не сатып алуға болатынын түсіну (OLX, Kaspi және т.б.)
⸻
Артықшылық болады:
• Real Estate, авто, ритейл немесе B2B жобаларында тәжірибе
• Жарнамалық кампанияларға қатысқан тәжірибе
• Белгілі бір нишаға бір айлық сценарий пакеттерін жазу тәжірибесі (контент план, рилс, тикток)
• Instagram, TikTok үшін қысқа, сатылымға бағытталған роликтер жасай білу
⸻
Біз ұсынамыз:
• Егер клиент мақұлдаса, жеке идеяңызды жүзеге асыруға мүмкіндік
• Үлкен брендтермен және премиум контентпен жұмыс
• Кәсіби команда
• 3 айдан кейін хобби (фитнес, спорт т.б.) үшін 50% шығын өтемақысы беріледі
• Бонус жүйесі және нақты KPI
• Подпискалар (ChatGPT, Adobe Cloud, Freepick, Sora etc), жұмысыңызға не қажет барлығы беріледі
• Жүйелі, айқын тапсырмалар