Алматы, проспект Абая, 150/230блок2
Метро: АлатауТалап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3 жыл – 6 жыл .
Толық жұмыс күні, толық жұмысбастылық.
Зарплата : Оклад + бонус (%)
🌟 Міндеттері
🧑💼 Маркетинг бөлімінің жетекшісі үшін:
Компанияның жалпы маркетинг стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
Маркетинг командасын басқару (дизайнер, видеограф, таргетолог, SMM маман);
Рекламалық кампанияларды жүргізу және олардың тиімділігін бақылау;
Креативтер мен өнімдерді (лендинг, презентация, сату воронкалары) әзірлеуге қатысу;
Онлайн оқыту нарығын және тұтынушы психологиясын зерттеу;
Маркетингтік көрсеткіштер бойынша талдау жасау және есеп дайындау;
Воронкалар мен жарнама процестерін үнемі оңтайландыру;
Жобаларды қысқа мерзімде басқару және нәтижеге қол жеткізу.
Мықты команда жинап, ауыстырып отыру.
Нақты статистикасы бойынша результат көрсететін план құру және іске асыру.
📱 SMM маманы үшін:
Aman Shop-тың Instagram, TikTok, Facebook және Telegram парақшаларын жүргізу;
Контент-жоспар құру, посттар мен стористер үшін мәтін және визуал әзірлеу;
Reels, сторис және видео форматтағы креативтерге сценарий жазу, түсіру және жариялау;
Стримерлерді, контент серіктестерін табу және жұмысқа тарту;
Әлеуметтік желілерге арналған жарнама мен таргет жүргізу;
Meta Ads, TikTok, YouTube сияқты digital құралдарды тиімді қолдану;
Ай сайынғы есеп беру, көрсеткіштерді талдау;
Командамен бірлесе отырып, визуалды контент пен бренд имиджін дамыту.
✅ Талаптар
Маркетинг немесе SMM саласында кемінде 3 жыл тәжірибе;
Digital құралдарды (Meta Ads, TikTok, YouTube) терең меңгеру;
Контент жасау, визуал өңдеу және жарнама бойынша тәжірибе;
Жоғары креативтілік, жүйелілік, жауапкершілік және қарқынды жұмыс ырғағына бейімделу;
Қазақ және орыс тілдерін жетік білу (жазбаша және ауызша);
Командада тиімді жұмыс істеу қабілеті;
Кейс немесе портфолио болғаны жөн.
💼 Біз ұсынатын шарттар
Нарықтағы жетекші компанияда ресми жұмыс;
Мотивациялық бонус: мысалы, Instagram-да 1 млн қаралым жинаған пост үшін 50 000 ₸ сыйақы;
Кәсіби және креативті команда;
Мансаптық өсу және ірі жобаларға қатысу мүмкіндігі.
🔍 Қосымша
Біз 3 жылдан астам тәжірибесі бар мамандармен қатар, үйренуге және дамуға дайын жауапты кандидаттарды да қарастырамыз.
Ең маңыздысы — ынта мен нәтижеге бағытталған көзқарас.