I4U білім беру платформасы 9-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын Химия пәнінің мұғалімін іздейді.
Біз кімбіз?
I4U – бұл оқушыларға ҰБТ-дан жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, грантқа түсуге көмектесетін заманауи білім беру платформасы. Біздің мақсатымыз – сапалы білімді әрбір оқушыға қолжетімді ету!
Сізге не істеу керек?
- ҰБТ-ға Химия пәні бойынша оқушыларды дайындау.
- Қызықты және тиімді сабақтар өткізу.
- Онлайн сабақтарды жазу және өткізу.
- Оқу материалдары мен тесттерді дайындау.
- Оқушылардың мотивациясын жоғары деңгейде ұстау.
- Марафондар мен вебинарларға қатысу.
Біз үшін маңызды:
- ҰБТ-ға дайындау бойынша кемінде 1 жылдық тәжірибе.
- Химия пәні бойынша мектеп бағдарламасын терең меңгеру.
- ҰБТ құрылымын, форматтарын және сәтті тапсыру лайфхактарын білу.
- Материалды түсінікті және қызықты түрде жеткізе білу.
- Қазақ тілін еркін меңгеру.
- Өз саласында сарапшы болуға деген ұмтылыс.
- Кәсіби салада дамуға және өсуге ұмтылу.
- Жауапкершілік пен ұқыптылық.
- Компьютерде жұмыс істеу, PowerPoint-ты пайдалану дағдылары.
Шарттар:
- Онлайн форматта жұмыс істеу.
- Икемді жұмыс кестесі, жұмысты басқа қызметпен үйлестіру мүмкіндігі.
- Бәсекеге қабілетті еңбекақы.
- I4U командасынан қолдау және оқыту.
Егер сіз біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе, түйіндемеңізді жіберіңіз!