Біліктілік талаптары
- Ғылыми кітапхананың жетекші кітапханашысы лауазымына жоғары кітапханалық білімі және кемінде 5 жыл кітапханалық жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
- Қазақ және орыс тілдерінде сауатты жазу және сөйлеу.
- Компьютерді игеру:MS Office, Exsel, ЖИ (жасанды интеллект).
- Айлық жалақы – 312 мың теңге.
2. Ғылыми кітапхананың жетекші кітапханашысының лауазымдық міндеттері:
- кітап қорын толықтыру мен каталогтарды ұйымдастыру;
- оқырмандарға қызмет көрсету жұмысы;
- ғылыми-библиографиялық және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
- кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыруды білу;
- жаңадан түскен әдебиеттерді есепке алу және тіркеу;
- әмбебап ондық жіктеу бойынша әдебиеттерді жүйелеу (ӘОЖ);
- дәстүрлі және электронды каталогтарды жүргізу;
- КАБИС автоматтандырылған бағдарламасының модульдарын:
«Электрондық каталог», «Электрондық кітапхана»,«Мақалалар картотекасы», «Оқырмандар картотекасы» деректер қорын жүргізе білу;
- кітапханалық-библиографиялық ақпарат пен библиографиялық сабақты (ББЗ) екі тілде жүргізе білу;
- библиографиялық көрсеткіштер мен әдебиеттер тізімдерін құрастыру;
- оқырмандарға екі тілде қызмет көрсетіп, іс-шараларын ұйымдастыру;
- 2024 жылғы 5 қаңтардағы «Жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын базалық біліктілік талаптары» туралы №4 бұйрығына сәйкес,оқу бағдарламаларындағы пәндердің оқулық, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілуін көрсететін «Қосымша1» жүргізу;
- жылдық жұмыс жоспары мен жылдық есепті құрастыра білу.
3. Жұмыс уақыты мен демалу тәртібі
- жұмыс кестесі сағ.8-30 - 17-30;
- сенбі-жексенбі демалыс;
- еңбек демалысы 30 күн.