Тұқым, ӨҚҚ (өсімдікті қорғау құралдары) және тыңайтқыштар бойынша сату жөніндегі менеджер

Eurasia Crop Care

Тұқым, ӨҚҚ (өсімдікті қорғау құралдары) және тыңайтқыштар бойынша сату жөніндегі менеджер

Описание вакансии

Eurasia Crop Care компаниясына қош келдіңіз!

Біз – Қазақстандағы ауыл шаруашылығына арналған инновациялық шешімдердің көшбасшысымыз. Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз біздің команда үшін құнды үлес боларына сенімдіміз. Бірлесе отырып, еліміздің ауыл шаруашылығының дамуына нақты үлес қосамыз.

Міндеттері

Сату жөніндегі менеджер күнделікті сатылымға байланысты міндеттерді орындайды, соның ішінде:

  • сату стратегияларын әзірлеу;

  • клиенттік қатынастарды құру және қолдау;

  • белгіленген сату көрсеткіштеріне қол жеткізу.

Талаптар

  • Клиенттермен тұрақты іскерлік қатынастарды орнату және қолдау қабілеті;

  • Ауыл шаруашылығы саласында немесе өсімдіктерді қорғау бағытында тәжірибе;

  • Тұқым, тыңайтқыш және пестицидтер бойынша білім.

Біз үшін маңызды

  • Дәнді дақылдарды өндірудің барлық кезеңдерін терең түсіну: топырақ дайындаудан және егістен бастап, өнімді жинау мен өткізуді қамтиды;

  • Әртүрлі дәнді дақылдармен жұмыс тәжірибесі, тыңайтқыш енгізу және өсімдіктерді қорғау сызбаларын оңтайландыру біліктілігі.

Жұмыс шарттары

  • Жұмыс іссапарлық сипатта, К/Ш басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін облыстық ауылдық елді мекендерге шығу талап етіледі;

  • Телефон байланысы қамтамасыз етіледі, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми рәсімделу;

  • Жалақы мөлшері әңгімелесудің соңғы кезеңінде анықталады;

  • Мотивация жүйесі: тұрақты жалақы + KPI.

Құрметті үміткерлер, түйіндемелеріңізді жіберулеріңізді сұраймыз. Сұрақтарыңыз болса, көрсетілген байланыс деректері арқылы мессенджерге хабарласуға болады.

Айдана

Навыки
  • Продажи на высококонкурентном рынке
  • Заключение договоров
  • Подготовка коммерческих предложений
  • Выявление потребностей
  • Агрохимия
  • СЗР
  • B2B Продажи
  • Активные продажи
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию