Шымкент, улица Казиева, 111/3
Біз туралы
MEYRAM — Қазақстандағы №1 балалар киностудиясы. Біз балаларға арналған шығармашылық және кәсіби даму алаңын ұсынамыз, ал біздің команда — табыстың басты кепілі.
Біздің идеал қызметкеріміздің портреті:
Креативті – клиентпен ерекше байланыс орната алады.
Энергиясы жоғары – әрбір кездесуді нәтижеге жеткізеді.
Өзіндік шешім қабылдай алады – «жоқ», «мүмкін емес», «істей алмаймын», «білмеймін» сөздерін қолданбайды. Оның орнына: «Мен мұны қалай жасай аламын?» деп сұрайды.
Жауапкершілігі жоғары – сатылым жоспарын орындап қана қоймай, асыра орындайды.
Бағыттар:
Оффлайн сату — офиске келген клиенттермен тікелей жұмыс, кеңес беру, пакеттерді таныстыру, мәміле жасау;
Онлайн сату — колл-орталық арқылы қоңырау шалу, дайын клиент базасымен жұмыс, онлайн-пакеттерді сату.
Міндеттер:
Клиенттермен кәсіби және сенімді қарым-қатынас орнату;
Сатылым жоспарын орындау;
Клиенттердің сұрақтарына нақты жауап беру;
Қызмет пен пакеттерді толық таныстыру;
CRM жүйесінде жұмыс істеу.
Талаптар:
Жоғары білім;
Қазақ тілін білу міндетті, орыс тілі — артықшылық;
Сату немесе клиенттермен жұмыс тәжірибесі құпталады;
Жоғары коммуникациялық дағды, сендіру қабілеті;
Нәтижеге бағытталған ойлау.
Жұмыс шарттары:
Жалақы: 250 000 тг бастап + бонус жүйесі;
Қай бағытқа (онлайн немесе оффлайн) тағайындалатыныңыз — қабілетіңізге байланысты;
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00;
Карьерлік өсу мүмкіндігі;
Жайлы, толық жабдықталған офис;
Үлкен, достық ұжым;
Қазақстандағы ең ірі балалар киностудиясында жұмыс істеу мүмкіндігі.
Егер сіз сатылымды сүйетін, клиентпен оңай тіл табыса алатын және шектеу білмейтін маман болсаңыз — біз сізді күтеміз!
MonAmie, Сеть парфюмерно-косметических магазинов
Шымкент
до 795400 KZT
Шымкент
до 350000 KZT