Орталық Азиядағы ең ірі жеке мектеп заманауи гуманитарлық бағыттағы жаңа пән – антропология бойынша мұғалімді өз командасына іздейді.
Бізге зерттеуге, түсінуге және адам болмысын зерделеуге құштар педагог қажет.
Міндеттері:
* 8–11-сыныптарға арналған антропология курсын жүргізу (тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, даналықтану, тілтаным, педагогика, медиа, дінтану және саясаттану бағыттары бойынша)
* PBL және «аударылған сынып» әдістемелерін қолданып, жобалық және зерттеушілік сабақтар ұйымдастыру
* Ғылыми және шығармашылық жұмыстарға, дебаттарға, конференцияларға жетекшілік ету
* Авторлық элективтер, факультативтер мен оқу жобаларын әзірлеу
* Оқушылармен және әріптестермен бірлескен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді іске асыру
* Антропологияны басқа пәндермен кіріктіріп оқыту (география, тарих, құқық, биология және әдебиетпен)
✅ Талаптар:
* Жоғары білім (антропология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану, тарих, археология, этнология, теология, саясаттану, шығыстану немесе педагогика саласында)
* Зерттеу жүргізу дағдысы мен пәнге деген терең қызығушылық
* Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу тәжірибесі (қошеметтеледі)
* Қазақ тілін жетік меңгеру (ағылшын тілі – артықшылық)
* Ашықтық, бастамашылдық, заманауи ойлау және оқушылармен диалог орната білу
Ұсынысымыз:
* Орталық Азиядағы ең заманауи, ірі және шабыт беретін жеке мектепте жұмыс
* Авторлық жобаларға, элективтерге және ғылыми жетекшілікке толық еркіндік
* Әдістемелік және академиялық қолдау, кәсіби даму курстары
* Жоғары жалақы + бонустар мен марапаттар
* Ресми еңбек шарты, толық демалыс
P.S. Егер сізге адамзат, қоғам және мәдениеттердің тереңдігін оқушыларға ашу маңызды болса — сіз біз іздеген адамсыз.
Fortis Education
Алматы
от 400000 KZT
BOLASHAQ KEMENGER
Алматы
до 450000 KZT
Каспийский Общественный Университет
Алматы
от 250000 KZT
MIA Kazakhstan
Алматы
до 300000 KZT
Каспийский Общественный Университет
Алматы
от 250000 KZT
УЧЕБНЫЙ ЦЕНТР Педагог+
Алматы
от 250000 KZT
Алматы
до 300000 KZT
Учреждение Алматинский гуманитарно-экономический университет
Алматы
до 300000 KZT
Реабилитационный центр для детей и подростков с ограниченной возможностью Мейiрiм
Алматы
до 300000 KZT
Учебный центр ABC (Абдуллаева С. Ф.)
Алматы
до 300000 KZT