Қазақ тілі мұғалімі (жоғарғы мектеп)

Haileybury Almaty, НАО

Қазақ тілі мұғалімі (жоғарғы мектеп)

Алматы, Аль-Фараби, 112

Метро: Байконур

Описание вакансии

Haileybury Алматы мектебі өз оқушыларының қауіпсіздігі мен аман-саулығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады және мектеп қызметкерлер мен мектепке қатысы бар тұлғалар оған бұл істе қолдау көрсетеді деп үміттенеді.

Бұл лауазымға үміткерлер балаларға қатысты лайықсыз қылық көрсету туралы мәліметтердің бар-жоқтығын тексеруден өтуге дайын болуы керек.

Халықаралық Haileybury Almaty мектебіне біліктілігі жоғары, тәжірибелі қазақ тілі мұғалімін іздестітуде.

Жұмыс басталу күні: 27 тамыз, 2025

Міндеттері:

Оқыту мен үйрету:

  • Орта және жоғары сынып оқушыларының жасына/деңгейіне сәйкес тиімді оқу материалдарын әзірлеу
  • Сынып, топтар және жеке оқушының қажеттілігіне сай сабақты жоспарлау арқылы тиімді дифференциациялауды қамтамасыз ету;
  • Тәртіпті тиімді қадағалау, ресурстарды тиімді пайдалану;
  • Оқушылардың қалай оқитынын және олардың үлгерімін бағалайтынын көрсететін нақты оқу мақсаттарын анықтау және оқу уақытын тиімді пайдалану;
  • Оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану;
  • Биік мақсаттар қою;
  • Қабілеті жоғары, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар дарынды/талантты оқушыларды немесе қазақ тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген оқушыларды анықтап, олармен тиімді жұмыс жасау;
  • Сабақты оқу қарқыны мен тақырыптың күрделілігін ескере отырып жоспарлау;
  • Мүмкіндігінше оқушылардың тұлғалық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосу, т. ассамблеялар, Хаус күндері кезінде;
  • Оқушыларға көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру, оларды көшбасшылыққа ынталандыру;
  • Қауіпсіз, қолдау көрсететін, ыңғайлы және ынталандыратын оқу ортасын қамтамасыз ету.
  • Бақылау, бағалау, тіркеу және есеп беру:
  • Оқу мақсаттарының орындалуын бағалау және осы бағалауды оқыту сапасын жақсарту үшін пайдалану;
  • Оқушылардың жоғары үлгерімін қамтамасыз ету үшін сындарлы кері байланыс және мақсаттар қою арқылы жұмысты бақылау;
  • Әр оқушының үлгерімін жүйелі түрде бағалау және тіркеу, оқушылардың үлг.ерімі жақсарып келе жатқанына көзжеткізу үшін тіркелген деректерді пайдалану;
  • Оқушылардың үлгерімі туралы жазбаша есеп беру;
  • Бағалау сабақ жоспарын жасауға, дамытуға көмектесу керек;
  • Оқушыларға бір-бірін және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілі мұғалімі екендігін растайтын диплом болуы
  • Қазақ тілін жоғары деңгейде білу, ана тілі, ілгері деңгейі
  • Ағылшын тілін меңгеру сертификаты (мүмкіндігінше IELTS 6.0 немесе оның баламасы) артықшылық болады.
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы құпталады.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Оқыту тәжірибесі мол
  • Оқыту мен үйрету стандарттарын арттыруға үлес қосу, орта, жоғарғы мектепте оқыту тәжірбиесінің болуы шарт.
  • Оқыту және тәрбие жұмысындағы табысты тәжірибесі

Ұсынылатын жағдай:

  • тегін тамақтану
  • мектеп аумағында фитнес зал мен бассейнге тегін бару
  • медициналық сақтандыру (+ 1 отбасы мүшесі тегін қосылады)
  • желтоқсан айында төленетін қосымша демалыс (Christmas leave)
  • халықаралық және тату-тәтті жұмыс атмосферасы
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию