Алматы, Наурызбайский район, микрорайон Калкаман-2, улица Абишева, 36/13к1
Метро: Бауыржан МомышулыВакансия: Кастинг-менеджер
Біз туралы
MEYRAM — Қазақстандағы №1 балалар киностудиясы. Біз балалардың шығармашылық қабілетін ашуға, олардың талантын дамытуға және болашағын жарқын етуге көмектесеміз. Біздің команда — шабыт пен нәтижені біріктірген кәсіби мамандар ұжымы.
Біздің идеал қызметкеріміздің портреті:
Креативті – әр баланың ерекшелігін көре біледі.
Энергиясы жоғары – балалармен жұмыс істегенде мотивация мен позитив сыйлайды.
Өзіндік шешім қабылдай алады – «жоқ», «мүмкін емес», «істей алмаймын», «білмеймін» сөздерін қолданбайды. Оның орнына: «Мен мұны қалай жасай аламын?» деп сұрайды.
Жауапкершілігі жоғары – әр кастингті нәтижеге жеткізеді.
Міндеттер:
Балаларға арналған кастингтерді ұйымдастыру және өткізу;
Балалардың актерлік, шығармашылық және жеке қабілеттерін анықтау;
Қажетті тарифтік пакетке бағыт беру;
Ата-аналармен кәсіби байланыс орнату;
Кастинг нәтижелерін құжаттау және базада сақтау;
Командамен бірлесе жұмыс істеу.
Талаптар:
Балалармен жұмыс істеуге деген сүйіспеншілік;
Ұқсас салада жұмыс тәжірибесі құпталады;
Жоғары білім — артықшылық;
Қазақ тілін білу міндетті, орыс тілі — артықшылық;
Жоғары деңгейдегі коммуникация және эмпатия дағдылары;
Ұйымдастырушылық қабілет.
Жұмыс шарттары:
Жалақы: келісім бойынша (тәжірибе мен біліктілікке байланысты);
Жұмыс кестесі: 6/1, 09:00–18:00;
Жайлы, толық жабдықталған офис;
Үлкен, тату ұжым;
Қазақстандағы ең ірі балалар киностудиясында жұмыс істеу мүмкіндігі.
Егер сіз балалардың талантын ашуды және олардың болашағына үлес қосуды армандайтын болсаңыз — біз сізді күтеміз!