Сәлем! Мен — Баян Алмұратқызы, Sabaq Online компаниясының HR-менеджерімін.
Біз командамызды кеңейтіп жатырмыз және белсенді түрде табысты болғысы келетін сату менеджерлерін іздейміз!
Егер сен сенімді сөйлей алатын, жақсы табыс тапқысы келетін және өзіңді дамытуға дайын жан болсаң — бұл сенің мүмкіндігің.
Тәжірибеңнің болуы міндетті емес — біз өсуге және нәтиже көрсетуге дайын әр адамға мүмкіндік беруге әзірміз. Ең бастысы — өнімнің құндылығын жеткізіп, сатуға деген ынта. Қалғанын біз үйретеміз!
Біз кімбіз?
Sabaq Online — еліміздегі мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындап, жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін ең ірі онлайн білім беру платформасы.
Біздің платформаны мыңдаған оқушылар таңдайды, себебі біз:
-
Тәжірибелі ұстаздардан сапалы сабақтар ұсынамыз
-
Нәтиже көрсетеміз: түлектеріміз жоғары балл жинап келеді
-
Қазіргі заманғы онлайн оқу құралдарын қолданамыз
Неге вакансия ашық?
Ай сайын бізге келетін өтініштер мен ата-аналар мен оқушылардың қызығушылығы артуда. Барлық сұранысты сапалы өңдеу үшін біз сату бөлімін кеңейтіп, жаңа әріптестерді іздеудеміз.
Сіздің міндетіңіз қандай болады?
Сіздің басты мақсатыңыз — консультация беру және сату.
Негізгі міндеттеріңіз:
-
Келген өтініштерді өңдеу
-
Өнімдерді таныстыру (жеке скрипт бойынша)
-
Қажеттіліктерді анықтап, сатуға дейін жеткізу
-
Қарсы пікірлермен жұмыс істеу және мәмілеге келу
Жұмыс шарттары:
Жалақы:
Біз саған сатуды үйретеміз және сатқаның үшін ақы төлейміз! Егер қолыңнан келсе, бізбен жұмыс жасай аласың!