Вакансия: Таргетолог
*Жұмыс форматы:* Қашықтан / толық жұмыспен қамту
*Тәжірибе:* 1–3 жыл
*Компания:* ТОО “Turkestan et kombinaty”
---
Turkestan et kombinaty – бизнесті табысты дамыту жүйесі.
Біз кәсіпкерлердің бизнесін жүйелеп, маркетинг, сату, оқыту және цифрлау арқылы олардың тиімділігін арттырамыз. Клиенттеріміздің өсу көрсеткіштері – біз үшін басты нәтиже.
Қазіргі таңда бізге *таргетолог* қажет. Клиенттік өтінімдер саны өсіп келеді, сондықтан бізге жарнама құралдарын мықты меңгерген, *нәтижеге жұмыс істейтін* маман керек.
---
Біз кімді іздейміз?
Сен Meta (Facebook/Instagram), TikTok немесе басқа да платформаларда *таргет жарнамаларын* сауатты жүргізе аласың ба?
Саған нәтижелер, өтінім саны, конверсия, CPM, CTR – таныс терминдер ме?
Жарнама беріп қана қоймай, *сату бөліміне сапалы өтінім* жинап бере аласың ба?
Егер иә десең – онда біз сені күтіп отырмыз!
---
Міндеттерің:
* Сату бөлімінен түскен тапсырма бойынша жарнама науқандарын құру;
* Meta Ads Manager-де жарнамаларды орнатып, бақылау және оңтайландыру;
* Науқан нәтижелерін талдау: өтінім саны, құны, аудитория;
* Жарнама мәтіндері мен креативтерін дайындауға ұсыныс беру;
* Дайын скрипттер мен визуалдарға сүйене отырып, тез іске қосу;
* Складқа түскен тапсырыстарды жеткізуші-реализаторға жіберу үшін тіркеу;
* Нәтижелерді күнделікті/апталық CRM-ге енгізіп отыру.
---
Біз не ұсынамыз:
* *Жылы лидтерге* жұмыс істеу (суық іздеу, терең аналитика – сіздің емес);
* *Қалыптасқан жүйе*: барлық жарнама формулалары дайын, тек дұрыс пайдалану керек;
* *Жоғары табыс*: нәтижеге байланысты лайықты сыйақы (бонус жүйесі қарастырылған);
* *Оқыту* және *жүйелі өсу*: ішкі академия және тәжірибелі маркетологтармен тәжірибе алмасу;
* *Жайлы атмосфера*: бюрократиясыз, нәтиже мен даму ғана маңызды;
* *Гибридті режим*: үйден жұмыс істей аласың, немесе кеңседе.
---
Кандидаттан күтілетін қасиеттер:
* Meta (Facebook, Instagram) жарнамаларымен жұмыс істеген тәжірибе – 1 жылдан жоғары;
* Аналитикалық ойлау және нәтижеге жұмыс істеу қабілеті;
* Жауапкершілік, тәртіп, дедлайнмен жұмыс;
* Жарнама платформаларын жақсы меңгеруі (Meta Ads, TikTok Ads – артықшылық);
* Қызығушылық танытқан және үйренуге бейім.
---
Міндетті түрде болуы керек:
* Ноутбук немесе компьютер;
* Тұрақты интернет;
* Гарнитура және жұмыс кеңістігі.
---
Қызықты сынақ:
Саған *қандай жарнама, креатив немесе кампания ұнады?*
Мысал келтіріп, ілеспе хатта жаз. Біз шығармашыл және ойлай білетін мамандарды бағалаймыз.
---
Егер сен *нақты нәтижелермен жұмыс істегің келсе, **өзіңді бағалайтын орта іздесең*, бізге қосыл!
*Өтінім қалдыруға асық!*
Сені өз командамызда көргіміз келеді