SMM-маман

Описание вакансии

SMM-маман штатқа (офлайн)

SMM-МАМАН ШТАТҚА

Біз – Алматы, Шымкент, Ақтау және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейтін ірі сауықтыру орталығымыз. Біздің миссиямыз – адамдарға табиғи әдістер арқылы денсаулықтарын қалпына келтіруге көмектесу: тыныс алу тәжірибелері, йога, медитация, ағзаны тазарту, шөппен емдеу және т.б.

Қазіргі таңда бізге SMM-маман қажет, ол компания негізін қалаушысының жеке парақшасын және сауықтыру орталығының ресми аккаунтын жүргізіп, брендті әлеуметтік желілерде дамытуға көмектеседі.

Қазақ тілін білу-міндетті!

Міндеттеріңіз:

  • Күнделікті контент жариялау: Instagram-да рилс, сторис және посттар салу. Сауықтандыру орталығының атынан және оның бастығының парақшаларын жүргізу.

  • Контент-жоспар жасау: тақырыптарды анықтау, трендтерді бақылау, нәтижелерді талдау.

  • Монтажер үшін техникалық тапсырма жазу: видеоны өңдеу процесін жеңілдету үшін нақты нұсқаулықтар әзірлеу.

  • Сараптама. Күнделікті түрде аналитика жасап отыру.

  • Контент түсірілімдерін ұйымдастыру: сценарий жазу, идеялар ойлап табу, съемка жасау және монтажерлармен жұмыс жасау.

  • Қосымша әлеуметтік желілерді зерттеу: бізге пайдалы жаңа платформаларды анықтау және дамыту.

Бізге қандай маман қажет?

  • SMM саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі бар маман.

  • Instagram, TikTok, YouTube платформаларымен жұмыс істей алатын адам.

  • Денсаулық сақтау, блогер прақшаларын жүргізсеңіз ол плюс.

  • Креативті идеялары бар, сценарий жазып, аудиторияны қызықтыра алатын тұлға.

Біз не ұсынамыз?

  • Үлкен жобада жұмыс істеу және тәжірибелі командамен бірге даму мүмкіндігі.

  • Идеяларды жүзеге асыруға толық еркіндік.

  • Жоғары деңгейдегі жалақы (келісім бойынша)

Навыки
  • SMM
  • Видеосъемка
  • Взаимодействие с блогерами
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию