Оқу контентін жасайтын бастауыш сынып мұғалімі

Оқу контентін жасайтын бастауыш сынып мұғалімі

Описание вакансии

InfoLesson.kz — 7 миллионнан астам тіркелген қолданушысы бар мұғалімдерге арналған ең ірі білім беру платформасы.

Біздің мақсатымыз — сапалы білімді баршаға қолжетімді ету.

Міндеттері:

  • Бастауыш сынып пәндеріне арналған авторлық оқу ресурстарын әзірлеу;

  • Заманауи талапқа сай оқу материалдарын (презентациялар, викториналар, тапсырмалар, тесттер, конспектілер, жұмыс парақтары және тағы басқалар) дайындау және безендіру;

  • Материалдарды әдістемелік нұсқаулықтарға сай рәсімдеу (барлық нұсқаулықтар ұсынылады);

  • Материалдарды платформада жеке кабинет арқылы жариялау.

Талаптар:

  • Жоғары білім;

  • Оқу материалдарын әзірлеу тәжірибесі;

  • Компьютерлік бағдарламаларды пайдалана білу (Word, PowerPoint, Figma және т.б.);

  • Оқу материалдарын нақты, түсінікті және жүйелі түрде ұсыну қабілеті;

  • Авторлық контентті өз бетінше жасау.

Шарттар:
  • Материалдарды орналастыру және сатуға арналған арнайы платформа;
  • Әдістемелік материалдар сатылымынан алынатын табыс түріндегі төлем;

  • InfoLesson.kz компаниясының ынталандыру шаралары мен белсенділік бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;

  • Кәсіби мамандардың әлеуметтік желідегі ашық қауымдастығы.

InfoLesson.kz платформасында автор болыңыз — біліміңізді бөлісіңіз және табыс табыңыз!

Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию