Қазақ тілін жақсы көресің бе? Балаларға шабыт бергің келе ме?
Newton Academy өз тілі мен пәнін сүйетін, балаларға қызық сабақ өткізе алатын қазақ тілі мұғалімін іздейді.
Сенің міндеттерің қандай болады:
• 2 – 6 сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету (олардың деңгейіне қарай — A1-ден B2-ге дейін);
• Грамматиканы да, сөздерді де түсінікті, қызықты етіп түсіндіру (қазақша немесе орысша);
• Тапсырмалар, тесттер жазу, материалдарды бейімдеу немесе авторлық әдістемелер жасау;
• Әр оқушыға жеке көңіл бөліп, оған сенімділік беру;
• Академия өміріне белсене қатысу, идеямен бөлісу, әдістерді талқылау, кәсіби дамуға ұмтылу.
Егер сен:
• Педагогикалық білімің және 2–9 сыныппен жұмыс тәжірибең болса;
• Қазақша және орысша еркін сөйлей алсаң;
• Қиын нәрсені оңай әрі түсінікті етіп жеткізе білсең;
• Жауапкершілігің жоғары, тәртіпті, даму мен командалық жұмысқа ашық болсаң;
• Жұмысыңды шын жүректен жақсы көрсең — және балалар соны сезінсін десең — онда сен бізге керексің!
Біз ұсынатын мүмкіндіктер:
• Қаланың орталығындағы жайлы кеңсе;
• Тату команда мен көңілді атмосфера;
• Бәсекеге қабілетті жалақы;
• Шығармашылық еркіндік пен әдістемелік қолдау.
Өтініш қалдыр да, өзің жайлы бірнеше сөз жазып жібер.
Мүмкін, дәл сен біздің оқушылардың сүйікті ұстазы боларсың
Астана
до 500000 KZT
Talant School
Астана
до 450000 KZT
Назарбаев интеллектуальные школы, Автономная организация образования
Астана
до 250000 KZT
КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ
Астана
до 350000 KZT
Астана
до 250000 KZT
Астана
от 300000 KZT
Астана
до 300000 KZT
КАЗАХСТАНСКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОЛЛЕДЖ
Астана
до 350000 KZT